қазақша · русский · english
 
 
 
17.11.2023

Сычуань педагогикалық университеті өкілдерімен кездесу

 

2023 жылдың 14 қарашасында Абай атындағы ҚазҰПУ Филология институты шығыс филологиясы және аударма кафедедрасында Сычуань педагогикалық университетінің (ҚХР, Сычуань провинциясы, Чэнду қаласы) өкілдерімен кездесу өтті. Іс-шара ұйымдастырушысы - университетіміздің Халықаралық ынтымақтастық департаменті.

 

Кездесуге Қытай университетінің академиялық мәселер бөлімінің директоры Хоу Бан Пин, халықаралық алмасу және ынтымақтастық жөніндегі директор Чжан Хуньин, бейнелеу өнері және каллиграфия факультетіңнің директоры Лю Чжуань Цзюнь, орыс тілі кафедасы меңгерушісінің орынбасары Ли Сики, Шанхэ даму және ынтымақтастық орталығының атқарушы директоры Наталья Стурлистер мен Абай атындағы ҚазҰПУ Филология институты директорының ғылыми жұмыстар мен халықаралық байланыстар жөніндегі орынбасары Найманбаев А.А, шығыс филологиясы және аударма кафедрасының меңгерушісі Конкабаева Н.Н, шығыс филологиясы және аударма кафедрасының оқытушылары С. Мейрхан, А. Раева, С. Тоқтарбек, Халықаралық ынтымақтастық департаментінің қызметкерлері А. Жайдары және А. Өмірзақ қатысты.

 

Іс-шара мақсаты - екі университет арасындағы ынтымақтастық пен алмасу мүмкіндіктерін талқылау, мысалы, оқытушылар арасындағы ғылыми серіктестік, студенттерді бірлесіп оқыту және кредиттік бірліктерді өзара тану, сондай-ақ ынтымақтастық және қос диплом бағдарламасы туралы негіздемелік келісімге қол қою, жазғы оқу курстарын өткізу. Кездесу соңында тараптар бір-біріне естелік сыйлықтар табыс етті.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  




Кері оралу