қазақша · русский · english
 
 
 
20.11.2023

Корей тілі мұғалімінің ашық дәрісі

 

2023 жылдың 20 қарашасында Филология институты шығыс филологиясы және аударма кафедрасында Абылай Хан атындағы ҚазХҚ және ӘТУ-дың тәжірибесі мол оқытушысы, қауымдастырылған профессоры Хан Нелли Чанированың «Ағылшын тілін меңгерген шығыс (корей) тілі мұғалімі» мамандығының 2-3 курс студенттеріне арналған ашық дәрісі өтті. Н.Ч.Хан Абай атындағы ҚазҰПУ-дың корей бөлімін бітірген және университеттің үлгілі түлектерінің бірі. Кафедра меңгерушісі Н. Н. Қонқабаева студенттерге лекторды таныстырып, іс-шара соңында оған алғыс хат табыс етті.

 

Ашық дәріс «Оңтүстік Корея өкілдерімен мәдениетаралық қарым-қатынас ерекшеліктері» тақырыбына арналды. Қазақстан мен Корея шығыс елдері болғанымен, екі халықтың менталитеті мен мәдениетінде айырмашылықтар бар. Студенттер оңтүстік кореялықтармен қарым-қатынастың ерекшеліктерін, олардың қандай да бір жағдайларда өз менталитеттеріне сай әрекет ететіні туралы мағұлмат алды. Дәрісте көптеген сұрақтар қойылып, корейлердің мінез-құлқы мен ойлауы туралы айтылды.

 

Ашық дәрісті ұйымдастырып, дайындаған кафедра оқытушысы Н.С.Нам.

 

  alt=  

 

  alt=  




Кері оралу