қазақша · русский · english
 
 
 
27.11.2023

Студенттер танымал ақынмен кездесті


2023 жылдың 24 қарашасында Филология институтының шығыс филологиясы және аударма кафедрасының оқытушылары Р. Арзиев, Х. Масимова, Ш. Баратова ұйымдастыруымен әйгілі ұйғыр ақыны Жәмшит Розахуновпен кездесу болып өтті. Іс-шара барысында Ж. Розахунов студенттерге ақындық жолы туралы айтып, өлеңдер жинағын тарту етті, өмір жолындағы естеліктерімен бөлісті, студенттердің сұрақтарына жауап берді. Кездесу соңында кафедра меңгерушісі Н.Н. Қонқабаева Ж. Розахуновқа өз алғысын білдіріп, университет атынан алғыс хат және естелікке сыйлық тарту етті. Ақын өз кезегінде университет құрамына, студенттерге өз ризашылығын білдірді.

 

  alt=  




Кері оралу