қазақша · русский · english
 
 
 
26.02.2024

Шығыс филологиясы және аударма кафедрасына Оңтүстік Кореядан делегация келді

 

2024 жылдың 23 ақпанында  Филология институты шығыс филологиясы және аударма кафедрасындағы корей тілдері бөліміне Оңтүстік Кореядан делегация келді. Солтүстік Чолла провинциясы әкімшілігі жанындағы халықаралық алмасу жөніндегі кеңесші Со Чонгук, Алматы корей ұлттық мәдени орталығының вице-президенті, сондай-ақ Shin-Line Group компаниясының жаңа жобалар жөніндегі директоры О Енге кездесуге келді. Кездесуді корей тілі мұғалімі Н.С.Нам ұйымдастырды.  

 

Қонақтарды кафедра меңгерушісі Н.Н.Конкабаева қарсы алып, 2021 жылы ашылған корей тілі бөлімі, студенттер саны және білім бағдарламалары туралы қысқаша мағлұмат берді.

 

Солтүстік Чолла провинциясының мэриясы 2024 жылы Қазақстан Республикасының мәдени және білім беру жобаларымен байланысты күшейтуді жоспарлап отыр. Биыл корей тілін үйренгісі келетіндер үшін Алматы қаласында «Семангым Хангыль» (олар Вьетнамда, Лаоста және т.б. елдерде жұмыс істейді) тегін курстарын ашу жоспарлануда. Бұл - корей тілінің болашақ оқытушылары ретінде студенттеріміз үшін қосымша мүмкіндіктер туғызып, жұмыспен қамтамасыздандыруға көмегін тигізеді. Солтүстік Чолла провинциясы 2024 жылдың көктемінде бірлескен білім беру, мәдени жобалар, соның ішінде ҚазҰПУ үшін еліміздің ірі жоғары оқу орындарымен келісім жасасуды жоспарлап отыр.

 

Кафедра меңгерушісімен кездесуден кейін оқытушы Нам Н.С. университет бойынша шағын экскурсия өткізді, сондай-ақ «6В01703-Шетел тілі:екі шетел тілі» мамандығының 3 курс студенттерімен шағын кездесу ұйымдастырды. Онда қонақтар біздің білім алушылармен тікелей сөйлесіп, олардың алға қойған мақсаттарын білді, сондай-ақ студенттердің сұрақтарына жауап берді. Кореяға оралғаннан кейін шығыс филологиясы және аударма кафедрасымен байланыс хат алмасу арқылы жұмыс жалғасады. Біздің университет пен студенттердің болашағы үшін осы жұмыстың нәтижесін күтеміз.

 

  alt=  

 

  alt=  

 




Кері оралу