қазақша · русский · english
 
 
 
26.02.2024

Қытай Жаңа жылына арналған мерекелік кеш


2024 жылғы 23 ақпанда Абай атындағы ҚазҰПУ-да Қытай Жаңа жылына арналған «Chinese place» студенттік клубы мүшелерінің қатысуымен мерекелік кеш өтті. Ұйымдастырушылар - Филология институты шығыс филологиясы және аударма кафедрасының қытай тілі оқытушылары А.Н.Раева, С.Мейрхан және қытай тілі бөлімінің студенттері.


Кеш қонақтары Абай университетінің халықаралық жобалар және ынтымақтастық бөлімінің басшысы Ж.Мұрат, Филология институты директорының ғылыми істер жөніндегі орынбасары А.А.Найманбаев, директордың шетел тілдері мамандықтары бойынша оқу ісі жөніндегі орынбасары А.М.Саурикова, шығыс филологиясы және аударма кафедрасының меңгерушісі Н.Н.Конкабаева, шығыс филологиясы және аударма кафедрасының оқытушылары А.М.Алмабекова, С.Тоқтарбек болды.

 

Бұл іс-шараның мақсаты қытай тілін үйренетін студенттерді қытай мәдениетімен тереңірек таныстыру болды. Осы орайда Аспан асты елінің әндері мен билерімен қатар қазақ әндері мен күйлері шырқалды, Қытайдың Жаңа жылы туралы презентация көрсетілді, ал «Chinese Place» студенттік клубының белсенділері, «6В01709-Ағылшын тілін меңгерген шығыс тілі мұғалімі» мамандығының 3-курс студенттері, академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша ҚХР Шао Синь қаласында білім алып келгендігі жөнінде, презентация көрсетіп, әңгімелеп берді. Сонымен қатар қытай халқының жаңа жыл мерекесіне арналған түрлі викториналық сұрақтары қойылып, жауабын дұрыс тапқан студенттерге сыйлықтар табысталды.

 

Шығыс филологиясы және аударма кафедрасының меңгерушісі Н.Н. Конкабаева студенттер мен оқытушыларға құттықтау тілегін айтып, іс-шараға белсене қатысқан студенттерге алғысын білдірді.

Студенттер мен оқытушылар арасында қытай тілін тереңдетіп оқытуға, студенттерді жақындастыруға бағытталған осындай форматтағы іс-шараларды жыл сайын өткізу жоспарлануда.

 

  alt=  


  alt=  




Кері оралу