қазақша · русский · english
 
 
 
08.04.2024

«Біз біргеміз» қайырымдылық жәрмеңкесі

 

​2024 жылғы сәуірдің 4-5 күндері Қазақстанның батыс және солтүстік аймақтарындағы су тасқынының салдарынан зардап шеккен жандарға көмек ретінде қайырымдылық жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Шығыс филологиясы және филология институтының аударма кафедрасы Жамбыл көшесі, 25 мекен-жайы бойынша өткен іс-шараға белсенді атсалысты. Жәрмеңкеде Шығыс тілдерінің әдеби кітаптары, сабаққа қажетті оқу-құралдар (қалам, қарандаш, маркер), сусындар сатылды. Абай университетінің ұстаздары мен студенттерінің арқасында 2 күн қатарынан болған жәрмеңке ойдағыдай аяқталып, барлық қаражаттар арнайы есепшотқа аударылды.

 

  alt=  

 

  alt=  




Кері оралу