қазақша · русский · english
 
 
 
12.04.2024

Шығыс және батыс әлеміне саяхат

 
2024 жылдың 10 сәуірінде «Ғылым декадасы-2024» аясында Филология институты шығыс филологиясы және аударма кафедрасының ұйымдастыруымен «Шығыс және батыс әлеміне саяхат» тақырыбында іс-шара өтті.


Іс-шараға «6В01709- Ағылшын тілін меңгерген шығыс тілі мұғалімі», «6В01718- Шығыс және ағылшын тілдері мұғалімі», «6В02302- Аударма ісі» және «6В01703- Шетел тілі: екі шетел тілі» мамандықтарының 1-4 курс студенттері қатысты.


Мерекелік кеш қонақтарын арнайы араб, қытай, корей, түрік, ұйғыр, ағылшын, неміс, француз елдерінің дәстүрлері мен университет оқытушыларының ғылыми еңбектерімен таныстыру мақсатында көрмеден басталды. Концерттік бағдарламаға ұласқан іс-шараны құттықтау сөздерімен «Шығыс филологиясы және аударма» кафедрасының меңгерушісі Н.Н. Конкабаева ашып, мектептен келген мұғалімдерге университет ректоры атынан алғыс хат пен сыйлықтарын табыс етті. Осы  шараны ұйымдастырған оқытушылар А.С.Жумабаева, Е.В.Бурмистрова және көрмеге атсалысқан оқытушыларға да университет ректоры атынан алғыс хаттарын табыстыды.


Кеш қонақтары № 153 мектеп-гимназияның орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі Жәннатбуви Сабитовамен мектеп оқушылары және «АйСаф» жеке қыздар мектебінен Кәсіптік бағдар, профориентолог Асел Асқарбек, «Биология» пәні мұғалімі Әсел Мамыр университет студенттерінің өнерлерін тамашалады. Шығыс пен батыс халықтарының әсем әуендері, ырғақты билері, шырқалған әндері осы елдерге шынайы саяхат жасағанмен бірдей болды. Концертті шығыс филологиясы және аударма кафедрасының меңгерушісі Н.Н.Конкабаева қорытындылап, осы мерекелік іс- шараға қатысқан студенттерімізге алғыс хат табыс етті. 

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  




Кері оралу