қазақша · русский · english
 
 
 
02.05.2024

Шығыс филологиясы және аударма кафедрасы филиалының ашылуы

 

2024 жылдың 30 сәуірінде «Aisaf-Almaty» гимназиясында Абай атындағы ҚазҰПУ Филология институты шығыс филологиясы және аударма кафедрасының филиалы ашылды. Филиалдың қызметі ғылыми-әдістемелік, тәжірібелік байланыс орнатуға және білім беру саласындағы ынтымақтастықты дамытуға бағытталған.


Филиалдың салтанатты ашылуына «Aisaf-Almaty» гимназиясының атқарушы директоры А.С.Ахметова және «АйСаф жеке қыздар мектебінің» директоры М.Б.Абдрахимова бастаған мектеп мұғалімдері мен оқушылары, Абай атындағы ҚазҰПУ Филология институты директорының шетел тілдері мамандықтары бойынша оқу ісі жөніндегі орынбасары А.М.Саурикова, Шығыс филологиясы және аударма кафедрасының меңгерушісі Н.Н.Конкабаева, және ф.ғ.к., университет профессоры К.Х.Абдрахманова және аға оқытушы Ж.М.Елемесова қатысты. Филиалдың ашылуына мектепте концерттік бағдарлама ұйымдастырылды.


Филиал ашудағы басты мақсат - жыл сайынғы педагогикалық практиканы өткізу үшін база ұйымдастыру және тілдік пәндерді ұйымдастыру. Мектеп пен университет арасындағы ынтымақтастық ары қарайда өз жалғасын тауып, нығая түседі деп сенеміз.

 

  alt=  




Кері оралу