
Шығыс филологиясы және аударма кафедрасы | Басты / Факультеттер / Филология факультеті / Кафедралар / Шығыс филологиясы және аударма кафедрасы / Жаңалықтар
17.11.2025
Аудармашы студенттер – халықаралық студенттік байқаулардың жеңімпаздары
2025 жылдың 17-ші қарашасында Г.В. Плеханов атындағы Ресей экономика университеті (Мәскеу қ.) өткізген екі халықаралық студенттік байқаудың қорытындысы шығарылды. Ресей, Қазақстан, Армения, Өзбекстаннан 30-дан астам адам қатысқан I Халықаралық студенттік шешендік өнер байқауының қорытындысы бойынша «Аударма ісі» мамандығының 4-курс студенттері Беспай Асель мен Нұрманқызы Жансая 2-орынды иеленсе, 3-курс студенті Иминова Аружан 3-орын алып, қола жүлдегер атанды. Сонымен қатар, «Аударма ісі» мамандығының 3-курс студенті Хайбулина Альбина қатысқаны үшін сертификатқа ие болды. Біздің студенттер «Patriotism is the resume of all virtues» тақырыбында сөз сөйлеп, патриотизмнің мәні мен қазіргі қоғамдағы саналы азаматтың рөлі туралы ой қозғады. I Халықаралық студенттік ғылыми жобалар байқауының қорытындысы бойынша 4-курс студенті Байғаскина Айша мен Сатылған Ботагөз 3-орынды иеленді. Ол оқуда қиындықтарға тап болатын студенттердің қажеттіліктерін талдау негізінде жасалған, жасанды интеллектіні қолдана отырып тілдерді үйренуге арналған «MindLink» қосымшасының бизнес-жобасын ұсынды.
Кері оралу |
|
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс) 8 (727) 390 60 05
Қабылдау комиссиясы/Call-центр: 8 (727) 390 60 04 8 (700) 390 60 04 8 (727) 291 57 68
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|