қазақша · русский · english
 
 
 
21.11.2025

Қазақ халқының ұлы ғалымы, саяхатшы Шоқан Уәлихановтың туғанына 190 жылдығына арналды

 

2025 жылдың 18 қараша күні Шығыс филологиясы және аударма кафедрасының ұымдастыруымен жазушы, саяхатшы-ғалым, журналист Шоқан Уалиханов туралы еңбектердің авторы Исмаилжан Иминовпен кездесу өткізді. Кездесуді Әлем тілдері факултетінің деканы, филология ғылымының кандидаты Е.Т. Оспанов ашып, кездесу қонағының шоқантанушы ретіндегі еңбектерін жоғары бағалап өтті. Сөз кезегін алған кафедра меңгерушісі, ф.ғ.к., университет профессоры Г. Х. Абдрахманова Ш. Уәлихановтың еңбектерін зерттеуде және оның шығармашылығын дәріптеуде Исмаилжан Абдуқадирұлының еңбектерінің маңызын ерекше атап өтті. Студенттер де өздерін қызықтырған сұрақтарына жауап алды. Іс-шара соңында кездесу қонағы жуырда жарық көрген «Край Шести городов» атты кітабын университет кітапханасына табыс етті және бұл кездесуді ұйымдастырған “6В01707 Ұйғыр тілі мен әдебиеті, ағылшын тілі” мамандығының оқытушылары Р. Арзиевке, Х.Масимоваға, Ш. Баратоваларға өзінің алғысын білдірді.

 

 

  alt=  




Кері оралу