
Шығыс филологиясы және аударма кафедрасы | Басты / Факультеттер / Филология факультеті / Кафедралар / Шығыс филологиясы және аударма кафедрасы / Жаңалықтар
24.11.2025
№142 Жалпы білім беретін мектептегі кәсіби бағдар беру жұмысы 2025 жылғы 21–22 қараша күндері Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінде (ҚазХҚжӘТУ) ТМД елдерінің жас корейтанушыларына арналған X халықаралық ғылыми конференция және корейтану бойынша XV Орталық Азия олимпиадасы өтті. Бұл беделді шараларға Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Грузия, Әзірбайжан және Ресей елдерінің 19 жоғары оқу орнынан 130-дан астам қатысушы жиналды. Форум корей тілін, мәдениеті мен тарихын меңгеріп жүрген студенттерді және корейтану саласындағы жас зерттеушілерді біріктірді. Бағдарламаға әртүрлі форматтар енгізілді: корей тілі мен елтану бойынша тестілеу, корей тілінде шешендік өнер сайысы, сондай-ақ Кореяның тарихы, тілі, мәдениеті мен заманауи даму үдерістеріне арналған ғылыми баяндамалар. Аталған іс-шараға Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің 4-курс студенттері де белсене қатысты. Университетте корей тілі бағыты ашылғаннан бері алғаш рет біздің студенттер олимпиадада табысты өнер көрсеткені үшін ынталандыру сыйлығына ие болды. Бұл олардың кәсіби дайындығының жоғары деңгейін және академиялық әлеуетін көрсетті. Мұндай халықаралық ғылыми алаңдарға қатысу студенттердің ғылыми қызығушылығын дамытып қана қоймай, академиялық қауымдастыққа тартылуына, халықаралық байланыстарды нығайтуға және Қазақстандағы корейтануға деген қызығушылықтың артуын көрсетуге септігін тигізеді.
Кері оралу |
|
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс) 8 (727) 390 60 05
Қабылдау комиссиясы/Call-центр: 8 (727) 390 60 04 8 (700) 390 60 04 8 (727) 291 57 68
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|