
Шығыс филологиясы және аударма кафедрасы | Басты / Факультеттер / Филология факультеті / Кафедралар / Шығыс филологиясы және аударма кафедрасы / Жаңалықтар
27.11.2025
Кездесу барысында делегация өкілдері университетке NIIED тарапынан жіберілген корей тілі мұғалімі-волонтердің жұмыс жағдайымен танысып, корей тілін меңгеріп жүрген 3–4 курс студенттерімен сұхбат жүргізді. Сонымен қатар, ынтымақтастықтың қазіргі бағыттары талқыланды. Делегация құрамында Корея Республикасының Қазақстандағы Елшілігі жанындағы Алматы қаласындағы Корея білім беру орталығының басшылығы да болды. Университет тарапынан кездесуге факультет деканы Оспанов Е.Т., кафедра меңгерушісі Абдрахманова К.Х.,халықаралық ынтымақтастық департаментінің өкілдері және корей тілі оқытушылары қатысты. Келіссөздер барысында Абай университетінің корей тіліне деген қызығушылықтың артуына байланысты волонтер-мұғалімдердің санын көбейту, сондай-ақ университет кітапханасын заманауи корей тіліндегі оқулықтармен және оқу құралдарымен толықтыру мүмкіндігін қарастыру жөнінде ұсыныс білдірді. Бұл сапар Қазақстан мен Корея арасындағы екіжақты академиялық ынтымақтастықты одан әрі дамытуға және гуманитарлық байланыстарды тереңдетуге деген ортақ мүддені растады.
Кері оралу |
|
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс) 8 (727) 390 60 05
Қабылдау комиссиясы/Call-центр: 8 (727) 390 60 04 8 (700) 390 60 04 8 (727) 291 57 68
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|