қазақша · русский · english
 
 
 
29.11.2025

Шығыс филологиясы және аударма кафедрасында студенттер мен магистранттардың 80-ші ғылыми конференциясы ұйымдастырылды


 2025 жылдың 25 қарашасында Әлем тілдері факультеті, Шығыс филологиясы және аударма кафедрасында студенттер мен магистранттардың дәстүрлі 80-ші ғылыми-зерттеу конференциясы өткізілді. Конференцияның негізгі мақсаты – жас зерттеушілердің ғылыми әлеуетін қолдау, олардың өзекті зерттеу нәтижелерін көпшілікке таныстыру және ғылыми мәдениетті одан әрі дамыту. Әлем тілдері факультетінің пленарлық отырысында Шығыс филологиясы және аударма кафедрасының атынан 1 магистрант және 2 студент баяндама жасады. Кафедрада 2 секция бойынша студенттер баяндама жасады: «Аударматану: тіл және әдебиет» және «Шығыс тілін оқыту үдерісі». Қатысушылар білім берудегі жасанды интеллекттің рөлі мен әсері бағыттарында ғылыми баяндамалар жасап, заманауи цифрлық қоғамда ғылым мен білім берудің көкейкесті мәселелерін талқылады. Ұсынылған ғылыми жобалар мазмұнның өзектілігімен, инновациялық идеяларымен және әдістемелік шешімдерімен ерекшеленді. Секция төрайымдары мен сараптамалық комиссия мүшелері қатысушылардың ғылыми дайындығының жоғары деңгейін атап өтіп, үздік жұмыстарды анықтады. Конференция шеңберінде жас ғалымдар зерттеу нәтижелерін ұсынумен қатар, пікір алмасуға, кәсіби байланыстар орнатуға және ғылыми ізденістердің бағыттарын кеңейтуге мүмкіндік алды. Сонымен қатар, өздерінің дипломдық және диссертациялық жұмыстарын зерттеуінде септігін тигізді.

 

 

  alt=  


  alt=  






Кері оралу