
Шығыс филологиясы және аударма кафедрасы | Басты / Факультеттер / Филология факультеті / Кафедралар / Шығыс филологиясы және аударма кафедрасы / Жаңалықтар
25.12.2025
«Оценка качества перевода: системный подход» монографиясы мен «Аударма сапасын бағалау: оқыту саласы» атты оқу-әдістемелік құралдың тұсаукесері өтті 2025 жылдың 25 желтоқсанында Абай атындағы ҚазҰПУ-да ҚР ғылым және жоғары білім министрлігінің гранттық қаржыландыруы бойынша «Аударма сапасын бағалау: ғылыми және оқу салалары» атты зерттеу жобасы аясында «Оценка качества перевода: системный подход» монографиясы мен «Аударма сапасын бағалау: оқыту саласы» атты ұжымдық оқу құралының тұсаукесері өтті. Монографияның авторы - филология ғылымдарының докторы Әлем тілдері факультеті, Шығыс филологиясы және аударма кафедрасының профессоры, Қазақстан Жоғарғы Мектебі Ұлттық Ғылым Академиясының корреспондент-мүшесі Жұмабекова Айгүл Қазкенқызы. Оқу-әдістемелік құралдың авторлары ф.ғ.д., профессор А.Қ.Жұмабекова, ф.ғ.к., аға оқытушы Н.Р.Шенгелбаева, А.М.Куркимбаева, А.Л.Оспанова, А.З.Мұхитов. Тұсаукесерге Әлем тілдері факультетінің деканы Е.Т.Оспанов, Шығыс филологиясы және аударма кафедрасының меңгерушісі К.Х.Абдрахманова, Шетел тілдері кафедрасының меңгерушісі С.К.Иватов, Жамбыл атындағы ғылыми-зерттеу институтының бас қызметкері, ф.ғ.к., белгілі аудармашы Қ.Жанабаев, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Аударма теориясы мен практикасы кафедрасының доценті м.а., PhD докторы Ж.Нұрмира (Астана), “Тұран-Астана” университеті, “ Тілдік коммуникация және аударма ісі” кафедрасының меңгерушісі, ф.ғ.к., доцент А.Б.Донбаева (Астана), М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті Заманауи тілдер және аударматану кафедрасының меңгерушісі, ф.ғ.к. Г.К.Карбозова (Шымкент), Торайғыров университеті Шетел филологиясы кафедрасының меңгерушісі, философия ғылымдарының докторы, доцент А.Т.Қаббасова (Павлодар), М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінің қауымдастырылған профессоры, PhD доктор, филология факультетінің деканы А.А.Акбулатов, М..Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінің қауымдастырылған профессоры, PhD доктор И.С.Султаниязова, Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті, PhD, қауымдастырылған профессор А.С.Кушкимбаева, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, шетел филологиясы және аударма ісі кафедрасының жетекші ғылыми қызметкері, PhD, доцент м.а. А.Е.Алпысбаева және басқа да оқытушылар, магистранттар мен студенттер қатысып пікірлерімен бөлісті.
Кері оралу |
|
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс) 8 (727) 390 60 05
Қабылдау комиссиясы/Call-центр: 8 (727) 390 60 04 8 (700) 390 60 04 8 (727) 291 57 68
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|