қазақша · русский · english
 
 
 
27.01.2026

Ұйғыр бөлімінің студенттеріне көмек көрсетілді


2026 жылғы 23 қаңтарда Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде Шығыс филологиясы және аударма кафедрасының “6В01707 ұйғыр тілі мен әдебиеті, ағылшын тілі” мамандығы бойынша оқып жатқан 21 студентке Республикалық ұйғыр этномәдени орталығы тарапынан оқу ақысының 50% табысталды. Республикалық ұйғыр-этно мәдени орталығының төрағасы Алиев Долқунтай Абдулхелил және РҰЭМО жанындағы «Жанан» қоғамдық қорының төрайымы Мизангүл Авамисимова “Ұйғыр тілі мен әдебиеті, ағылшын тілі” мамандығында білім алып жатқан студенттермен кездесті. Кездесуге Әлем тілдері факультетінің деканы PhD Едилбай Оспан, Шығыс филологиясы және аударма кафедрасының меңгерушісі ф.ғ.к., доцент Гүлсім Абдрахманова, сондай-ақ оқытушылар ф.ғ.к., доцент Руслан Арзиев, ф.ғ.к. Халминәм Мәсимова және ф.ғ.к. Шаирәм Баратовалар қатысты. Кездесу барысында Долқунтай Абдулхелил студенттерге Қызылорда қаласында өткен Ұлттық құрылтайдың бесінші отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың сөйлеген сөзіне тоқталып, саяси және әлеуметтік бағдарламаларды іске асыру, жастардың мүмкіндіктерін кеңейту мәселелері жөнінде кеңінен баяндады және студенттерге арнайы сертификат пен оқу ақысының 50% табыстады. Кездесу соңында Әлем тілдері факультетінің деканы Е. Оспан сөз сөйлеп, ұйғыр тілі мамандығы бойынша білім алып жатқан студенттердің университеттегі орны мен ұйғыр бөлімінің қызметіне тоқталып, Республикалық ұйғыр-этно мәдени орталығы басшылығына көрсетіп келе жатқан қолдауы үшін алғыс білдірді.

 

  alt=  

  alt=  




Кері оралу