
Шығыс филологиясы және аударма кафедрасы | Басты / Факультеттер / Филология факультеті / Кафедралар / Шығыс филологиясы және аударма кафедрасы / Жаңалықтар
10.02.2026
"Кальмар ойыны" форматындағы жаңа жылдық іс-шара өтті 2026 жылғы 6 ақпанда «Шығыс халықтарының жаңа жылы дәстүрі» аясында Шығыс филологиясы және аударма кафедрасының «Корей және ағылшын тілдерінің мұғалімі» білім беру бағдарламасының студенттері үшін «Кальмар ойыны» форматында іс-шара өткізілді. Іс-шара Қазақстандағы Корея Республикасының Елшілігі жанындағы Корей білім беру орталығымен бірлесіп ұйымдастырылып, Корей орталығының спорт залында өтті. Аталған іс-шара Ай күнтізбесі бойынша Жаңа жылды мерекелеуге арналды және студенттердің бейресми қарым-қатынасы мен топтық бірлігін нығайтуға бағытталды. Іс-шараны ұйымдастыруға Корей білім беру орталығы, сондай-ақ корей тілі оқытушылары: Нам Н., Пак Субин, Бурмистрова Е., Ли Сохён, Култасов М. белсенді түрде атсалысты. Әкімшілік қолдауды Шығыс филологиясы және аударма кафедрасының меңгерушісі Абдрахманова К.Х. және Әлем тілдері факультетінің деканы Оспанов Е.Т. көрсетті. Ойындар мен викториналарға белсенді қатысқан барлық студенттер естелік сыйлықтар мен марапаттарға ие болды.
Кері оралу |
|
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 8 (727) 390 60 05
Қабылдау комиссиясы/Call-центр: 8 (727) 390 60 04 8 (700) 390 60 04 8 (727) 291 57 68
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|