қазақша · русский · english
 
 
 
11.02.2026

Ізгі дәстүр жалғасуда: Shinhan Bank Kazakhstan Абай атындағы ҚазҰПУ студенттеріне шәкіртақылар табыстады


2026 жылғы 11 ақпанда Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде Шығыс филологиясы және аударма кафедрасының 2–4 курс студенттеріне арналған ынталандыру шәкіртақыларын табыстаудың екінші салтанатты рәсімі өтті. Шәкіртақылар «Корей және ағылшын тілдері мұғалімі» мамандығында білім алып жатқан студенттерге арналды.

Қаржылай қолдау «Shinhan Bank Kazakhstan» акционерлік қоғамы Басқарма төрағасы Чжо Ёнг Ынның бастамасымен жүзеге асырылды. Шәкіртақы иегерлері академиялық үлгерімі жоғары және университеттің қоғамдық-студенттік өміріне белсенді қатысқан студенттер арасынан іріктелді. Студенттерді құттықтап, атаулы грамоталар мен ынталандыру шәкіртақыларын табыстау рәсіміне «Shinhan Bank Kazakhstan» АҚ басқарушы директоры Н. Джаксыкельдинов, стратегия және интернационалдандыру жөніндегі проректор Искакова А.Т., ДМС директоры Сапарғалиева Б.О., Әлем тілдері факультетінің деканы Оспанов Е.Т., Шығыс филологиясы және аударма кафедрасының меңгерушісі Абдрахманова К.Х., сондай-ақ корей тілі бойынша аға оқытушы Нам Н. қатысты. Университет Банкке қолдау көрсетіп, игі дәстүрді жалғастырып келе жатқаны үшін алғыс білдірді. Бұл бастама жастарды жаңа жетістіктерге жігерлендіріп қана қоймай, Қазақстан мен Корея Республикасы арасындағы достық қарым-қатынастарды нығайтуға ықпал етеді.

Өз кезегінде Н. Джаксыкельдинов үздік студенттерге дипломдар мен алғысхаттарды табыстай отырып, білім беруді қолдау банктің әлеуметтік жауапкершілігінің маңызды бөлігі екенін атап өтті. Оның айтуынша, болашақ корей тілі мұғалімдерін кәсіби даярлау және Қазақстан мен Корея Республикасы арасындағы білім беру ынтымақтастығын дамыту – Shinhan Bank Kazakhstan компаниясының негізгі басым бағыттарының бірі.

 

  alt=  


  alt=  




Кері оралу