қазақша · русский · english
 
 
 
06.04.2026

Ағылшын тіліндегі экономикалық дискурстағы бизнес-идиомаларды аударудың ерекшеліктері


2026 жылғы 6 сәуір күні Әлем тілдері факультеті, Шығыс филологиясы және аударма кафедрасы, ф.ғ.д., профессор А.Қ. Жұмабекованың ұйымдастыруымен ғылым онкүндігі аясында Григорян Армине Эдуардовна – Ресей экономикалық университеті Г. В. Плеханов атындағы Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебінің №2 шетел тілдері кафедрасының аға оқытушысы, оқытушы-зерттеуші студенттер мен магистранттарға арнап ағылшын тілінде «Ағылшын тіліндегі экономикалық дискурстағы бизнес-идиомаларды аударудың ерекшеліктері» тақырыбында дәріс оқыды.

Дәріс барысында лектор кәсіби коммуникацияда іскерлік идиомаларды қолданудың маңыздылығы, іскерлік мәселелерді шешу үдерісіндегі осы идиомалық тіркестердің рөлі, сондай-ақ кәсіби мақсаттарға жетудегі олардың тиімділігі туралы баяндады. Сонымен қатар, іскерлік идиомалардың шығу тегі мен эволюциясы талқыланып, олардың ағылшын тілінен орыс тіліне дұрыс аударылу үлгілері көрсетілді, идиомалардың құрылымдық талдауының негізгі аспектілері қарастырылды.

Армине Эдуардовна бизнес саласының нақты аспектілеріне байланысты идиомалардың жіктелуін ұсынды. Ол бұл санаттарды түсінудің оларды анықтау және әртүрлі кәсіби контексттерде тиімді қолдану үшін маңызды екенін атап өтті. Білім алушылар тақырыпқа қызығушылық танытып, түрлі сұрақтар қойды. Дәріс соңында өткен тақырып бойынша шағын тест алынды.

 

 

  alt=    

 

  alt=    




Кері оралу