қазақша · русский · english
 
 
 
28.11.2017

«Елін сүйген, елі сүйген - Елбасы» тақырыбында мерекелік іс-шара өткізілді

 

2017 жылдың 28 қарашасы күні Шығыс тілдері және аударма кафедрасында аға оқытушы Айгерім Талдыбаева ұйымдастыруымен 1-желтоқсан Президент күніне арналған «Елін сүйген, елі сүйген - Елбасы» тақырыбындағы мерекелік іс-шара өткізілді.

 

Мерекелік кеш кафедра меңгерушісі профессор Князь Мирзоевтың құттықтау сөзімен ашылды. Ол өз сөзінде: «Президент күні мерекесі біздің елімізде ғана емес, көптеген елдерде тойланады. Н.Ә.Назарбаев Қазақстанның тұңғыш президенті.Қазақстанның даму жолында атқарған еңбегі орасан зор. Әр жылдағы жолдаулары мен жасалып жатқан реформасы, «5 институттық реформаны жүзеге асыру бойынша 100 нақты қадам», рухани жаңғыру жобалары арқылы ел экономикасы жылдан- жылға қарыштап даму үстінде. Елбасының сындарлы саясатының арқасында бүгінде Қазақстанды әлем танып отыр. Осындай атаулы мерекемен мен сіздерді құттықтаймын!»- деді.Іс-шарада Елбасының жүріп өткен жолы, Қазақстанды дамытудағы ерен еңбегі, Желтоқсан жаңғырығы, Тәуелсіздіктің 26 жылындағы еліміздің жеткен жетістіктері,сондай-ақ VII қысқы Азия ойындарының және EXPO-2017 көрмесінің өткізілуі жайындатанымдықпрезентациялар көрсетілді. Мерекелік кеште өнерлі студенттердің қазақ, француз, араб тілінде шырқаған әндері мен өлеңдері, күмбірлеген күйлері паш етілді. Кеш соңында студенттердің қазақ, орыс, ағылшын, француз, түрік, араб, қытай, ұйғыр тілдеріндегі мерекелік құттықтаулары айтылып, «Көк тудың желбірегені» әні бүкіл кешке келушілермен бірге шырқалды. Мерекелік іс-шарадан студенттер мен магистранттар танымдық мәліметтер алып, жақсы көңіл күймен қайтты.

 

Кафедраның негізгі жұмысы шығыс тілдері және аударма ісінің заманауи үлгісіне негізделген.


Кафедра қызметі жоғары білікті мамандар даярлау үдерісін қамтамасыз ететін әртүрлі бағытта жүзеге асырылады.

 

  

 

  

 




Кері оралу