қазақша · русский · english
 
 
 
16.04.2019

«Рухани жаңғыру- болашаққа бағдар»

 

Филология және көптілді білім беру инcтитутының «Шығыс филологиясы және аударма» кафедрасының «Аударма ісі» мамандығының оқытушылары Руxани жаңғыру бағдарламасын жүзеге асыру аясындағы ҚазҰПУ-дың іс-шаралар жоспарын қолдайды.


15 сәуірде «Рухани жаңғыру- болашаққа бағдар» бағдарлама аясында мұғалімдер «Рухани жаңғыру- болашаққа бағдар» тақырыбында ерекше сынып сағаттарын өткізді.

 

Мақсаты - студенттердің елге деген мақтаныш сезімін, сүйіспеншілігін қалыптастыру, оның тарихы мен мәдениетіне тәрбиелеу.

 

Іс-шара барысында 1- курс магистранттары Нұрсұлу Өміртасова мен Жадыра Айапова «Қоғамдық сананы жаңғыртудың» 6 құралы туралы қысқаша ақпарат берді. Кафедра меңгерушісі, профессор Князь Мирзоев Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қойған көп қырлы міндеттерді шешу жолдарын айтып өтті. Іс-шараны 1 және 2 курс студенттері дайындаған музыкалық сүйемелдеулері гүлдендірді: ағылшын және қазақ тілдеріндегі әндер мен өлеңдер, шығыс халықтарының биі, «Қазақстан» тақырыбында ағылшын тіліндегі викториналық тапсырмалар болды.

 

   

 

   




Кері оралу