қазақша · русский · english
 
 
 
23.04.2019

Жұмыс берушілер аудармашы-түлектермен кездесті


Шығыс филологиясы және аударма кафедрасының стратегиялық жоспарына сәйкес профессор Айгүл Жұмабекованың бастамасымен 19 және 22-ші сәуір күндері жұмыс берушілердің «Аударма ісі» мамандығы бойынша магистратура түлектерімен кездесулері өтті.


Кафедра меңгерушісі академик Князь Мирзоев түлектерге мамандық бойынша уақытылы жұмысқа орналасудың маңыздылығы айтты.


Кездесуде «Visit Almaty» туристік ақпараттық орталығының ақпараттандыру бөлімінің басшысы Тимур Сұлтанов қалада туризм саласын дамытумен айналысатын осындай компанияның қала тұрғындары мен қонақтары көп жиналатын жерлерде (әуежай, вокзалдар, туристік орталықтар және т.б.) 10-ға жуық ақпараттық нүктелері бар екендігін атап өтті. Мұнда туристер барлық ақпараттық өнімді қала картасы, жолсілтеме, турлар түрінде алады; гидтер мен экскурсияларға шетел тілдерінде тапсырыс береді.


Бітірушілердің сұрақтарына жауап бере отырып, ол компанияға кадрлар қабылдау жүйелі түрде жүзеге асырылып отырғанын атап өтті. Негізгі талаптардың бірі үш тілді - қазақ, орыс және ағылшын тілдерін еркін меңгеру болып табылады. Басқа тілдерді білу құпталады, сондықтан туризм саласындағы аудармашылардың қажеттілігі өте жоғары.


Қызметкерлерді іріктеу жөніндегі маман Мариям Төреева түрлі компаниялардың, мысалы, Tengizchevroil, NCOC, KazMinerals, BDO, Arcellor Mittal сияқты танымал компаниялардың, сұраныстары бойынша үлкен бос орындар базасын реттейтін компания, Fircroft ірі халықаралық рекрутингтік агенттігінің қызметі туралы презентация өткізді, сондай-ақ магистранттарға жұмыс берушімен кездесу кезінде кәсіби қасиеттерді көрсету ерекшеліктері мен түйіндеме жасау бойынша мастер-класс өткізді.


«Аударма ісі» мамандығы бойынша магистратура түлектері жұмысқа орналасу туралы ақпаратты үлкен қызығушылықпен қабылдады, сұрақтар қойды және жалпы кездесуге белсене қатысты.

 

   

 

  




Кері оралу