қазақша · русский · english
 
 
 
31.10.2019

Тіл - достықтың алтын көпірі

 

2019 жылдың 30-қазаны күні Абай атындағы ҚазҰПУ-дың шығыс филологиясы және аударма кафедрасының аға оқытушысы Шәриям Баратованың ұйымдастыруымен «Тіл - достықтың алтын көпірі» тақырыбында іс-шара өткізілді. Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі және аталмыш кафедраның тәрбие жұмыстары бойынша 2019-2020 оқу жылына арналған жұмыс жоспарына сәйкес өткізілген бұл іс-шараға кафедра құрамындағы оқытушылар, түркі, араб, қытай, ұйғыр тілдерінен және екінші шет тіл ретінде оқытылатын ағылшын, француз, неміс тілдерінде білім алатын студенттер қатысты.

 

Іс-шараның мақсаты-жас ұрпаққа әрбір тілдің қадір-қасиетін түсіндіру, тіл мерейін көтеру, тілдің қоғамдық-әлеуметтік қызметімен таныстыру болатын. Бұл шарада студенттер тіл туралы өлең шумақтарын оқып, патриоттық әндер орындады. Тағы бір ерекше атап өтер жайт, студенттердің қазақ тілінің нағыз жанашыры екенін аңғарсақ, екінші жағы араб, түркі, ұйғыр, ағылшын, қытай, неміс, француз тілдерінде де өнерлері тәнті етті.

 

Шара барысында аталмыш кафедра меңгерушісі Ерғали Есбосынов, аға оқытушылар Рая Оразова, Светлана Көпбаевалар сөз алып, аталмыш іс-шараның маңыздылығын түсіндіре келіп оны ұйыдастырған ұстаз Шәриям Баратоваға және студенттерге алғыс білдірді. Соңында Шәриям Баратова қорытынды сөз сөйледі. Көрермендер әрі білімді, әрі өнерпаз студенттер өнерлеріне тәнті болып, келешегіміздің жарқын боларына үлкен сенім білдірді.

 

   

 

   

 

   




Кері оралу