қазақша · русский · english
 
 
 
04.11.2019

Ұлы Абайдың 175 жылдығына орай Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ Абай шығармаларын мәнерлеп оқу конкурсын өткізді


2019 жылдың 2 қарашасында Шығыстану факультеті және Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ Конфуций институты ұлы ақын, ағартушы, қазақ халқының философы, жаңа қазақ жазба әдебиетінің шынайы негізін қалаушы Абайдың 175 жылдығына орай, Алматы университеттерінің қытай тілі бөліміне түскен студенттер арасында, «Абайдың қара сөздері мен өлеңдерін қазақ және қытай тілдерінде мәнерлеп оқу» байқауы ұйымдастырылды.


Байқаудың мақсаты - жас ұрпақтың жүрегінде Абай шығармашылығын тереңдету, елімізге деген мақтаныш сезімін ояту. Ұлы Абай мұрасын және оның философиялық ойларын насихаттау.


Қазылар алқасының мүшесі ретінде Абай атындағы ҚазҰПУ-дің аға оқытушы Алмабекова Әсел Мұратханқызы қатысты. Байқауға Алматы қаласының 6 жоғары оқу орнының студенттерібақ сынасты. Біздің университеттің студенттері Тулешова Сауле және Жусанбай Әсел, сондай-ақ олардың ғылыми жетекшілері, магистр, аға оқытушы Алмабекова Әсел және педагогика ғылымдарының кандидаты, университет профессоры Алиханқызы Гулия Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ Конфуций институтының алғыс хаттарымен және естелік сыйлықтарымен марапатталды.

 

   

 

   

 

   




Кері оралу