Қазақстан Республикасының орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдеріне
арналған біліктілікті арттыру курстары жұмысын бастады
2022 ж. 15-30 маусым аралығында Филология институтының орыс тілі мен әдебиеті кафедрасы "Филологиялық білім беру негіздері"тақырыбында онлайн режимінде Қазақстан Республикасының мұғалімдеріне арналған біліктілікті арттыру курстарын өткізеді.
Төрт модульден тұратын курстардың кең бағдарламасы дайындалды, олар орыс тілі мен әдебиетін оқыту әдістемесінің әртүрлі мәселелерін қамтиды: сабақтарда филологиялық құзіреттілікті қалыптастыру, оқытудың инновациялық әдістері, мектептегі мәтінді лингвистикалық талдау, оқушының жобалық және зерттеу қызметі, мектепте оқытуда танымдық әдістерді қолдану, оқытуда сандық білім беру ресурстарын пайдалану және т. б.
Курс аяқталғаннан кейін тыңдаушыларға 72 сағатқа сертификаттар беріледі.