Білім беру бағдарламаларын талдау департаменті | Басты / Біз туралы / Университет құрылымы / Департаменттер / Білім беру бағдарламаларын талдау департаменті
Білім беру бағдарламаларын жобалау департаменті жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің нормативтік-құқықтық базасының жаңаруына сәйкес, оқу-әдістемелік бөлім, РОӘК ОӘБ, оқу-әдістемелік кеңес (ОӘК), институттардың әдістемелік бюросы мен комиссиялары қызметін трансформациялау бойынша жобалық офис ретінде құрылған құрылым.
Білім беру бағдарламаларын жобалау департаменті академиялық еркіндік шеңберінде университеттің оқу-әдістемелік қызметі бойынша университеттің құрылымдық бөлімшелерін үйлестіреді және олардың өзара байланысын қамтамасыз етеді.
Департаменттің негізгі қызметі мыналарды үйлестіруге бағытталған: кадрларды даярлаудың жаңа, инновациялық және жаңартылған білім беру бағдарламаларын әзірлеу; жобаларды басқару топтарының (ЖБТ) жұмыс форматындағы педагогикалық бағыт бойынша РОӘК ОӘБ қызметі; қазіргі заманғы педагогикалық технологиялар мен оқытудың жаңа әдістерін енгізу мониторингі, білім алушылардың танымдық қызметін жандандыру құралдары; оқу-әдістемелік әдебиеттерді әзірлеу, сараптау және басып шығару; білім беру үрдісінің кітаппен қамтамасыз етілу құрылымдық мониторингі.
1.Абай атындағы ҚазҰПУ Академиялық кеңесінің жұмысын ұйымдастыру және үйлестіру. институттардың академиялық комитеттері, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру мазмұнын жетілдіру бойынша жаңа және қолданыстағы білім беру бағдарламаларын, жұмыс оқу жоспарларын, ұсыныстарды үнемі жаңартып отыру: - қос дипломды және бірлескен білім беру бағдарламаларын әзірлеуді ұйымдастыру және үйлестіру; - университеттің білім беру бағдарламаларын БПАҰО ЖООБП реестріне енгізуді, сараптамадан өткізуді дайындау және ұйымдастыру; - университеттің оқу-әдістемелік жұмысын ұйымдастыру және жүзеге асыру бойынша ПОҚ педагогикалық жүктемесінің нормативтерін, барлық ішкі нормативтік құжаттарды (ережелер, нұсқаулықтар және т. б.) әзірлеу; - жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық қайта даярлауды әзірлеу және іске асыру (PGCE); - институционалдық және халықаралық аккредитацияларды өткізуге университет құжаттамасын дайындау; - жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлау бағыттарының сыныптауышын жетілдіру бойынша ұсынысдар дайындау. 2. Институттардың оқу-әдістемелік қызметін үйлестіру: - пәндердің оқу-әдістемелік кешендерін (ПОӘК) құру және қамтамасыз ету бойынша форматтарды, мазмұнды және нұсқаулықтарды әзірлеу; - жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің барлық деңгейлері бойынша оқу-әдістемелік құжаттаманы (Об, ОЖБ, ПОӘК) талдау және сараптау; - «Univer» АЖ-ға ОЖ, ОЖЖ, ПОӘК бекіту және жүктеу; - білім алушылардың оқу нәтижелерін бағалау критерийлері мен әдістемелерін әзірлеу; - университетте қашықтықтан білім беруді ұйымдастыру, үйлестіру және жүзеге асыру; - модульдер мен пәндердің оқу бағдарламаларының мазмұны бойынша институттарды консультациялық қолдау; - қазіргі заманғы педагогикалық технологиялар мен оқытудың жаңа әдістерін, университетте білім алушылардың танымдық белсенділігін арттыру құралдарын енгізуді талдау; - оқу-әдістемелік әдебиеттерді әзірлеу және басып шығару, оқулықтар мен оқу құралдарының қолжазбаларын рецензиялау; - оқу және әдістемелік әдебиеттерді жинақтау, кітаппен қамтамасыз ету мониторингі; - университеттің оқу бөлімшелерінде оқытудың инновациялық және интерактивті әдістерін оқу процесіне енгізу бойынша жұмысты ұйымдастыру; - оқу сабақтарының кестесін құру дұрыстығын тексеру; - университетте жүзеге асырылатын ғылыми жобалар бойынша ғылыми жетістіктердің нәтижелерін оқу процесіне енгізу бойынша қызметті үйлестіру; - ПОҚ оқу-әдістемелік әдебиеттерін (оқулықтар, оқу құралдары, Оқу-әдістемелік құралдар) және т. б. шығаруды ұйымдастыру және мониторинг жүргізу. 3. Педагогикалық бағыт бойынша РОӘК ОӘБ қызметі: - РОӘК ОӘБ отырыстарын ұйымдастыру және өткізу; жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі және қосымша білімі бар кадрларды даярлаудың жетекшілік ететін бағыттары бойынша РОӘК ОӘБ ЖБТ қызметін ұйымдастыру - жоғары білім беру мәселелері бойынша конференциялар, семинарлар және кеңестер ұйымдастыруға ықпал ету; - Ұлттық тестілеу орталығымен өзара іс-қимыл; - оқу үдерісін ұйымдастыру мәселелері бойынша ҚР ЖОО әдістемелік кеңес беру; - ЖЖООБКД мен Ы. Алтынсарин атындағы ҰБА-мен өзара педагогикалық бағыттағы білім беру бағдарламаларын жетілдіру; - жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі және қосымша білімі бар жетекшілік ететін бағыттар бойынша оқулықтарға, оқу құралдарына, тест тапсырмаларына, түрлі деңгейдегі оқу басылымдарына сараптама жасау, рецензиялау. 4. Үздіксіз білім беру орталығының қызметін ұйымдастыру және үйлестіру: - ОПҚ үшін жазғы және қысқы мектептерді өткізу; - ҚазҰПУ профессор-оқытушылар құрамы үшін кәсіби және педагогикалық шеберлікті жетілдіруді ұйымдастыру; - педагогикалық шеберлікті арттырудың жаңа білім беру бағдарламаларын әзірлеу; - ЖАОК бойынша платформаларда әзірлеу мен орналастыруды үйлестіру. - жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық қайта даярлауды әзірлеу және іске асыру (PGCE). 5. Университеттің әдістемелік жұмысына қатысты мәселелер бойынша ҚР БҒМ және басқа да инстанцияларға жауаптар дайындау. 6. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының, жұмыс берушілердің, аккредиттеу агенттіктерінің және өзге де ұйымдардың жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыру сапасын қамтамасыз ету мақсатында өзара іс-қимылын жүзеге асыру.
|