қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / БАҚ біз туралы
22.07.2022

Абай атындағы ҚазҰПУ еліміздің үздік бес жоғары оқу орындарының қатарына енді

 

Біз соңғы жаңалықтармен бөлісуге асығып отырмыз: Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігі (АРТА) 2022 жылы Қазақстан Республикасындағы ЖОО-ға сұраныстың жыл сайынғы тәуелсіз рейтингін жариялады. Рейтингке Қазақстан Республикасының 35 жоғары оқу орны қатысты, Абай атындағы ҚазҰПУ жоғары оқу орындарының үздік бестігіне енді. Осылайша, 2022 жылы өткен жылмен салыстырғанда көрсеткішімізді 1631 пунктке жақсарттық. Педагогикалық жоғары оқу орындарының ішінде еліміздегі 1-ші педагогикалық университет мәртебесін растады.

 

Институционалдық тиімділік кеңсесі өткен жылдың нәтижелерімен салыстырмалы талдау жүргізді, біздің университет келесі бағыттар бойынша өз көрсеткіштерін айтарлықтай жақсарта алды: «Педагогикалық ғылымдар» бакалавриатының салалары бойынша институционалдық рейтингте біз 1-ші орынға ие болдық, келесі ББ белгіленді: «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» өз көрсеткіштерін - 3 орыннан 1 орынға; «Математика мұғалімдерін даярлау» - 2 орыннан 1 орынға; «Физика мұғалімдерін даярлау» - 2 орыннан 1 орынға; «Информатика мұғалімдерін даярлау» - 3 орыннан 2 орынға жақсартты. «Педагогикалық ғылымдар» магистратурасының салалары бойынша институционалдық рейтингте Абай университеті 4-орыннан 2-орынға көтерілді: «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» - 2-ден 1 орынға; «Арнайы педагогика бойынша кадрлар даярлау» - 3-тен 1-орынға.

 

Сондай-ақ, университет білім беру бағдарламаларындағы алғашқы орындарын тағы да растай алды: бакалавриат бойынша «Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі»; «Алғашқы әскери дайындық мұғалімдерін даярлау»; «Химия мұғалімдерін даярлау»; «Биология мұғалімдерін даярлау»; «География мұғалімдерін даярлау»; «Орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау»; «Арнайы педагогика мамандарын даярлау», ал магистратура бойынша: «Биология педагогтарын даярлау»; «Орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау»; «Шет тілі мұғалімдерін даярлау»; «Арнайы педагогика бойынша кадрлар даярлау» және «Құқық».

 

«Педагогикалық ғылымдар» докторантура салалары бойынша институционалдық рейтингте біздің оқу орнымыздың: «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу»; «Химия пәні мұғалімдерін даярлау»; «Биология бойынша педагогтарды даярлау»; «География пәні мұғалімдерін даярлау»; «Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау»; «Арнайы педагогика бойынша кадрлар даярлау» білім беру бағдарламалары 1 орынды иеленді.

 

Университетіміздің қалған білім беру бағдарламалары келесі бағыттар бойынша 10 үздік бағдарламаға кіре алды: «Өнер және гуманитарлық ғылымдар» - 8 орын; «Әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат» - 6 орын; «Бизнес, басқару және құқық» - 8-ші; «Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика» - 7 орын.

 

Абай университетінің кезекті жетістігі - бүкіл университет қауымдастығының жоғары кәсіби ұжымының еңбегінің жемісі!

 

Жоғарыдағы жетістіктерді ескере отырып, талапкерлер дұрыс таңдау жасап, университетімізге оқуға түсіп, оны бітіру арқылы сапалы білім алып, ғажайып педагогика әлемінің бір бөлігі, ең асыл мамандықтың өкілдеріне айналады.