Негізгі бет
Жаңалықтар
27.08.2022 Алматы қаласындағы білім беру ұйымдарының басшыларымен тамыз кеңесі
Пленарлық отырыста Абай атындағы ҚазҰПУ жалпы және қолданбалы психология кафедрасының профессоры Сатова Ақмарал баяндама жасап, балалар мен жасөспірімдердің қабілеттерін диагностикалаудың және дамытудың өзекті мәселелерін қозғап, қазіргі оқушылардың қабілеттерін диагностикалаудағы инновациялық тәсілдер туралы айтты.
Профессор Ақмарал Сатова «Qabilet» қызметінің жобасы аясында жалпы білім беретін мектеп оқушыларына арналған «XXI ғасыр дағдыларын дамыту: 4 «К»- сыни ойлау, креативтілік, коммуникация, 10-11 жастағы балалардың коллаборациясы және 7-9 жастағы балалардың когнитивті, коммуникативтік қабілеттері мен эмоционалды интеллектісін диагностикалау» атты жеке әлеуетін өлшеу бағдарламасы аясында жүргізілген жұмыстар туралы баяндады. Сондай-ақ, мұндай жұмыс 5-6 жастағы балалардың қабілеттерін диагностикалау және дамыту үшін жүргізіліп келеді. Бұл жобаны «Елбасы Академиясы Абай атындағы ҚазҰПУ-нің «Әлеуметтік ғылымдар (Психология)» білім беру бағдарламасының кәсіби даярлау бөлімінің бір топ ғалымдары мен оқытушыларын тарта отырып әзірлеген.
Бұл жобаның аясындағы жүргізілетін жұмыс тамыз педагогикалық кеңесіне қатысушы тұлғалардың қызығушылығын тудырып, олардың қолдауына ие болды.
|