қазақша · русский · english
   
Институт міндеті

Құқық және Экономика Институты - ГОСО 2006, ГОСО 2007, ГОСО 2009, ГОСО 2010 жылдардағы берілген оқу жоспарына сай, барлық оқу пәндерін оқытады.

Оқу жүйесі сапалы оқу бағдарламаларымен және  оқу - әдістемелік құжаттармен қамтамасыз етіледі.

Кадр құрамы жоғары сапалы,  оқытушы -профессорлармен қамтамасыз етілген.

Тәрбие жүйесі жоғары деңгейде. Ғылыми- зерттеу жұмыстары бойынша іргелі еңбектер және қолданбалы зерттеу жұмыстары жүргізіледі.

Оқу жүйесінде , жоғары сапа басты назарда. Мамандығын   және өз кәсібін жетік білетін  студенттер Құқық және Экономика Институтынан көптеп табылады.

Бакалавр мамандықтары : 5В030100, 5В030100 құқықтану мамандығын «Мемлекеттік және Құқық теориясы мен Коститутциялық құқық кафедрасы», «Қылмыстық құқықтық пәндер кафедрасы», «Азаматтық құқықтық пәндер кафедрасы» осы бағыттағы заңгерлерді дайындау жұмысын жүзеге асырды Бакалаврларды әр түрлі салада қызмет жасауға  дайындаймыз. Түлектер мемлекеттік басқару органдары  және  жергілікті биліктің өзін-өзі басқару саласында, сонымен қатар   құқық және заңға қызығушылық танытатын азаматтарға коммерциялық және  коммерциялық емес  мекемелерде жұмыс істеуіне  болады.

Мына мамандықтар бойынша: 5В050900- «қаржы», 5В050800- «есеп және аудит»  « Қаржы және бухалтерлік есеп»  салық комитетінде, қаржы органдарында басшының қызметін атқарушы, жеке меншік салада, банк саласында, (бірінші және екінші денгейдегі банктерде) және  басқа салада, қаржылық салада Қазақстан Республикасының (сақтандыру компанияларында) қызмет етуге болады.

«Менеджмент және маркетинг» кафедрасы мына мамандықтар бойынша бакалаврлар дайындайды: 5В051100- «маркетинг», 5В050700- «менеджмент» Бұл мамандық түлектері -жұмысты басқару оны дамыту бойынша  ғылыми жетістіктерді жалғастырып, өндірістік орындарда, негізгі тұтынушылармен тауарларды өткізуге көмек көрсету , нарықты   зерттеу және болжау жасау, сыртқы және ішкі өнімдерді өндіретін кәсіпорындармен  келісім жасау, баға саясаты  реттеп, сатып алушыға тауарды  өткізу, сонымен қатар басқа салада да  менеджр болып  қызмет атқара алады.

Менеджмент   мамандықтарының бітірушілері экономикалық, ұйымдастырушылық және коммерциялық қаржылық және әкімшіліктерде әрекет етуге болады. Сонымен қатар олар  басқа салада да  таптырмас маман.