Абай атындағы ҚазҰПУ сыртқы академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында студенттер мен магистранттарды шетелде семестрлік оқытуды тұрақты түрде ұйымдастырады. Академиялық алмасу Абай атындағы ҚазҰПУ мен алыс және жақын шетелдердің серіктес жоғары оқу орындары арасындағы келісім-шарттарға сәйкес жүзеге асырылады.
ҚР БҒМ 2019 жылғы 17 қаңтардағы №11 бұйрығына сәйкес сыртқы академиялық ұтқырлық бағдарламасын ілгерілетуге республикалық бюджеттен университетке 22 826 009 теңге бөлінді. Академиялық ұтқырлық бағдарламасын жүзеге асыру 2019 жылдан бастап ҚР Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы 4 қаңтардағы №1 бұйрығымен бекітілген жаңа ережелерге (бұдан әрі - «Әділет» ережелері) сәйкес жүзеге асырылады. Академиялық ұтқырлық шеңберінде республикалық бюджет қаражаты есебінен шетелге оқуға жіберу Білім беру саласындағы уәкілетті органмен және білім беру ұйымдарымен жүзеге асырылады. Шетелде оқуға үміткерлерді іріктеуді Конкурстық комиссия жүзеге асырады. Конкурстық комиссия алқалы орган болып табылады және шетелде оқу үшін ұсынылатын және Қазақстан Республикасы мен шет елдердің үкіметтері немесе ведомстволары арасында жасалған шарттар мен келісімдер шеңберінде үміткерлердің резервтік тізіміне енгізілетін үміткерлерді іріктеуді жүргізеді. Конкурстық комиссия құрамы мүшелердің тақ санынан тұрады және білім беру саласындағы Уәкілетті органның бұйрығымен бекітіледі. Конкурстық комиссияның құрамына Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары, мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес, қоғамдық, ғылыми және басқа да ұйымдардың өкілдері, сондай-ақ ғалымдар мен мамандар кіреді.
Академиялық ұтқырлықты қаржыландыру: - республикалық бюджет қаражаты; - жоғары оқу орнының ақылы қызметтерді іске асырудан алған кірістері; - ұлттық компаниялардың, әлеуметтік әріптестердің, халықаралық қорлардың гранттары; - білім алушылардың жеке қаражаты есебінен жүргізіледі. Конкурстық іріктеудің негізгі өлшемдері: Абай атындағы ҚазҰПУ-де бір академиялық кезеңді аяқтау, үлгерімі «А», «А-» «В+», «В», «В-», шетел тілін еркін меңгеру (IELTS немесе TOELF сертификатының болуы).
Академиялық ұтқырлықты жоспарлау және ұйымдастыру кезінде келесі құжаттар ұсынылады: - шетелдік серіктес жоғары оқу орнынан шақыру; - ұтқырлық бағдарламасы бойынша білім алушының өтініші; - ұтқырлық бағдарламалары бойынша оқу туралы келісім; - оқу туралы транскрипт; - Қазақстан Республикасы азаматының төлқұжаты (түрлі-түсті көшірме); - № 082/у нысан бойынша медициналық анықтама (шетелге шығатындар үшін) ; - шетел тілін білу сертификаты (IELTS немесе TOELF); - грамота, сертификат, диплом, алғыс хаттардың көшірмелері; - 2 фотосурет (өлшемі 3,5 х 4,5).
2019-2020 оқу жылына арналған «Академиялық ұтқырлық бағдарламасын іске асыру жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2019 жылғы 17 қаңтардағы № 18 бұйрығына сәйкес шетелге жіберілген студенттердің тізімі
|