қазақша · русский · english
   

НЕГІЗГІ МІНДЕТТЕРІ

 

Бөлім Жалпы мәлімет; Студенттік контингент; Кадрлар; Оқу жоспарының мұрағаты; Педагогикалық жүктемемені есептеу; Талапкер; Тестілеу; Деканат; Тіркеу кеңсесі және т.б. модульдерден құралған «Абай университеті!» зертханалық ақпараттық жүйені әзірлеуді жүзеге асырады. Электронды оқулықтардың, мультимедиялық курстардың, әдістемелік құралдың және т.б. қашықтықтан оқыту әдістемелік құралдардың бағдарламалық құрылымын және тестілеу жүйесі мен басқа да білімді тексеру амалдарын, қашықтықтан оқытуда ақпараттық ресурстарды қолдану әдістерін құрастырады.

 

ҚЫЗМЕТТЕРІ

 

Бағдарламамен қамтамасыз ету бөлімінің негізгі міндеттері:
- кредиттік технология жағдайындағы Абай атындағы ҚазҰПУ оқу-өндірістік үдерісін қолдайтын бағдарламамен қамтамасыз ету;
- «Абай университеті!» ақпараттық жүйе зертханалық білім беру порталы құрамында автоматтандырылған ақпараттық жүйенің бағдарлама кешенін құрастыру және дамыту;
- қолданушыларға «Абай университеті!» автоматтандырылған ақпараттық жүйе бағдарламалар кешенімен жұмыс жасауды үйрету;
- барлық электронды оқулықтармен баспалардың бағдарламалық құрылымын құрастыру;
- электронды оқулықтар мен баспаларды құрастырушыларға семинар-тренингтер ұйымдастыру.