қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
15.09.2022

Ынтымақтастық көкжиегі кеңейді

 

 

2022-2023 оқу жылында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті Erasmus+ бағдарламасының KazDual - «Қазақстанда дуальды жүйені енгізу» жобасы аясында «В003-Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» мамандығы бойынша дуальды білім беру моделін енгізудің пилоттық жобасын іске қосты. Серіктес «NGS Жаңа Буын Мектебі» болды. 2022 жылдың 1 сәуірінде Абай атындағы ҚазҰПУ Басқарма төрағасы - ректор Дархан Біләлов, «NGS Жаңа Буын Мектебінің» коммерциялық директоры Ольга Пак ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.


Кеше, 14 қыркүйекте Педагогика және психология институтында жоба мүшелерінің дуальды оқытудың пилоттық тобы - «6В01303-АКТ»-мен бастауыш білім беру мамандығының 1-курс студенттерімен кездесуі өтті. Дуальды оқыту мәселелері бойынша кіріспе тренинг өткізіліп, үшжақты келісімшартты түсіндіру жүргізілді. Педагогика және психология институтының директоры Ғалия Абаева және KazDual жобасының үйлестірушісі, PhD, постдокторант Баян Сапарғалиева Абай университетінде жобаның жүзеге асырылу барысы туралы айтып берді.


Меморандум аясында педагогикалық бағыт бойынша дуальды оқытудың пилоттық бағдарламасын енгізу үшін бірлесіп білім беру бағдарламасы, «6В01303 - ақпараттық-коммуникациялық технологиялармен бастауыш білім беру» (орыс бөлімі) мамандығы бойынша оқу жұмыс жоспары, оқу процесінің жылдық күнтізбелік кестесі, дуальды оқыту аясында білім беру процесін қамтамасыз ету бойынша іс-шаралар жоспары әзірленді.


Бастауыш білім беру кафедрасы (кафедра меңгерушісі және «6В01303-ақпараттық-коммуникациялық технологиялармен бастауыш білім беру» ББ жетекшісі, профессор Жұмабаева Азия) мектептің жұмыс тобымен бірқатар кездесулер өткізді. Оған ББ әзірлеуші, доцент Стамбекова Асель, топ эдвайзері және KazDual жобасының мүшесі, доцент Акпаева Асель, NGS Жаңа Буын Мектебі Оқыту және дамыту департаментінің директоры Ким Ирина, NGS Жаңа Буын Мектебі Оқыту және дамыту департаменті директорының орынбасары Майстренко Анастасия қатысты.


NGS Жаңа Буын Мектебі мен Абай университеті ынтымақтастығы студенттердің кәсіби мотивациясының жаңа педагогикалық тәсілдерін дамытуға және белсенді оқу іс-әрекетін қалыптастыруға бағытталған.

 

15.09.2022 ж.

Ақпарат көзі: qazaq1913.com