Негізгі бет /
БАҚ біз туралы
27.09.2022 «Этносаралық келісімнің қазақстандық моделі» танымдық семинары
2022 жылдың 27 қыркүйегі күні Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде Алматы қаласы әкімдігі, Қоғамдық даму басқармасының «Қоғамдық келісім» мекемесі мен университеттік «Рухани жаңғыру» жоболық кеңсесінің ұйымдастырумен «Этносаралық келісімнің қазақстандық моделі» атты семинары болып өтті.
Семинардың негізгі міндеті, қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті, этносаралық қарым қатынас жасай отырып, рухани құндылығымыз болған, мемлекеттік тілді нығайту саласында жастар арасында ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүзеге асыру болып табылады.
Семинарға Абай атындағы ҚазҰПУ-ның Әлеуметтік даму жөніндегі проректоры Нұрланов Шыңғыс Нұрланұлы, «Ирныхас» осетин мәдени-ағарту орталығының төрағасы, қаз халықтары Ассамблеясының мүшесі, этносаралық қатынастар мәселелері жөніндегі ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі, қоғам қайраткері - Мамсуров Қазбек Владимирович, Әлемдік экономика және халықаралық қатынастар институтының директоры, экономика ғылымдарының докторы, Алматы қаласының Қоғамдық келісімнің мүшесі, Республикалық ұйғырлар бірлестігінің жетекшісі - Арупов Акимжан Арупович, Т.К.Жургенов атындағы ҚазҰӨА «Қазақстан тарих пен әлеуметтік ғылымдар» кафедрасының оқытушысы, заң магистрі Тауенов Қанатбек Ерғазыұлы, Филология ғылымарының кандидаты, доцент, Қазақ халқы ассамблея кафедрасының меңгерушісі Шаһарман Гүлжиһан Пішенбайқызы, Университеттік «Бірлік» студенттік ассамблеясының студенттері, институттардың директорат өкілдері және профессор оқытушылар құрамы мен студенттер қатысты.
Спикерлер мен қонақтар студенттерге еліміздегі этносаралық мәдениетті қалыптастыру негіздері мен оның моделі, көпұлтты мемлекет болуымыздың маңызыдылығы туралы өз ойларын айтып кетті.
Абай атындағы ҚазҰПУ-ның Әлеуметтік даму жөніндегі проректоры Нұрланов Шыңғыс Нұрланұлы, «Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің көптеген жұмыстар атқаруда. Оқу орнымызда Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасы мен «Бірлік» студенттер ассамблеясы өз жұмыс жоспарына негізге алған аспектілер, яғни қоғамның одан ары бірігуі, этноконфессионалдық қатынастарды үйлестіру, этносаралық келісімді нығайту; этносаяси бағыттағы оқу-тәрбие және ғылыми-зерттеу жұмыстарын үйлестіру; қоғамдық келісімнің қазақстандық моделін насихаттаудың бірыңғай әдіснамалық және практикалық жолдарын ұсыну бағытында күш жұмылдыру деп білемін», - деп семинарды ашық деп жариялады.
Қатысушыларға заңнамалық тұрғыдан арнайы даярланған презентациясын Т.К.Жургенов атындағы ҚазҰӨА «Қазақстан тарих пен әлеуметтік ғылымдар» кафедрасының оқытушысы, заң магистрі Тауенов Қанатбек Ерғазыұлы таныстырып, еркін пікір алмасты.
Ал қоғам қайраткерлері өз кезегінде ұлттар арасындағы қарым-қатынастың қандай үлгі болуы туралы өз ойларымен бөлісті.
27.09.2022 ж. Ақпарат көзі: aqnews.kz |