қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
07.10.2022

Мерген қыз


Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті Педагогика және психология институтының 6B01305 - «Бастауыш білім ағылшын тілінде» білім беру бағдарламасының 1-курс студенті Жәнібекқызы Нұрай стенд атудан Алматы қаласында 28-шілде - 8-тамыз аралығында өткен Азия чемпионатында және Шымкент қаласында 5-12-қыркүйек аралығында өткен Қазақстан Республикасының чемпионатында жақсы нәтиже көрсетіп, II орын иеленді. Құттықтаймыз!


Жәнібекқызы Нұрай 19-қырқүйек пен 12-қазан аралығында Харватия елінің Осиек каласында өтетін Әлем чемпионатына қатысады. Білім алушымызға сәттілік тілейміз!

 

  alt=     alt=