қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
13.10.2022

Магистрант-филолог - Н.Ә. Назарбаев стипендиясының төртінші иегері

 

ҚР жоғары білім және ғылым министрлігінің бұйрығымен еліміздің жоғары оқу орындарының магистранттары арасында 2022-2023 оқу жылына арналған Н.Ә.Назарбаев стипендиясының иегерлері анықталды.


Комиссия шешімімен бұл құрметті стипендияны «Филология» мамандығы бойынша 2-ші курста оқитын Филология институтының магистранты Мәншүк Абдулова алды.


«Орыс тілі мен әдебиеті» кафедрасының ұжымын және институттың барлық оқытушыларын шәкірттерінің жоғары жетістігімен құттықтаймыз!


Бұл соңғы жылдары Н.Ә.Назарбаев стипендиясының төртінші иегері. Біріншісі - Максим Пономаренко - қазіргі уақытта Слупскідегі (Польша) Помор академиясы Неофилология институтының PhD докторы. 2020 және 2021 жылдары Сабина Оспанова мен Рабиға Жакенова стипендиаттар атанды.Биыл эстафетаны Мәншүк Абдулова алды. Жас ғалымға сәттілік пен жаңа филологиялық жаңалықтар тілейміз!