қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
13.10.2022

Абай атындағы ҚазҰПУ постдокторанты - «Жас ғалым» конкурсының жеңімпазы

 

Абай атындағы ҚазҰПУ-дың постдокторанты Жаңагүл Саметова Филология интитуты орыс тілі мен әдебиеті кафедрасының меңгерушісі Сәуле Әбішованың жетекшілігімен Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі ғылымды дамытудың басым бағыттары бойынша 2022-2024 жылдарға арналған «Жас ғалым» жобасы бойынша жас ғалым -постдокторанттардың ғылыми зерттеулерін гранттық қаржыландыруға арналған конкурстың жеңімпазы атанды.

 

Конкурстың мақсаты - жоғары білікті және бәсекеге қабілетті зерттеушілерді қалыптастыру, талантты жастарды ғылымға тарту және бекіту, жас ғалымдардың үлесін арттыру.

 

Жас ғалымды жоғары нәтижелі жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз! Ғылыми жобаңыз сәтті жүзеге асуына тілектеспіз!

 

  alt=