|
| |
АО «Қаржы орталығы», білім беру саласындағы уәкілетті органның операторы болып табылатын және мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде оқыған жас мамандар мен философия докторларының (PhD) міндеттерін орындауы немесе міндеттерін орындамаған жағдайда бюджет қаражатын өтеу бойынша мониторинг және бақылау жүргізетіндігін хабарлайды. 1414 байланыс орталығынан «Қаржы орталығына» келісім беру (511-хабарлама) немесе келісім беруден бас тарту (512-хабарлама) туралы SMS-хабарлама алған жағдайда, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары мен денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйымдарда оқып жатқан білім алушылар, сондай-ақ бакалавриат, интернатура, резидентура, магистратура және докторантура түлектері жауап беру үшін 15 минут уақытқа ие болады, көрсетілген уақыт өткеннен кейін хабарлама өзектілігін жоғалтады.
ЖОО немесе денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйымдардағы білім алушылар және бакалавриат, интернатура, резидентура, магистратура және докторантура түлектері 1414 байланыс орталығына келісім беру (511-хабарлама) туралы хабарлама жібергеннен кейін ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінен «Қаржы орталығына» жұмыс берушінің БСН немесе ЖСН, ұйымның атауы, жұмыс берушінің мекенжайы және міндетті зейнетақы жарналарының кезеңдері туралы шектеулі деректер ұсынылатын болады.
Бұл ретте ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің деректерінде «Қаржы орталығы» үшін құпия сипаттағы басқа деректер көрсетілмейді.
1414 байланыс орталығына дербес деректерді жинау және өңдеу туралы келісім беруден бас тарту (512-хабарлама) жіберген жағдайда, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында оқып жатқан білім алушылар, сондай-ақ бакалавриат, интернатура, резидентура, магистратура және докторантура түлектері жұмыс өтілі үш жылдық немесе екі жылдық мерзім ішінде міндетті міндеттемелердің орындалуын растайтын құжаттарды «Қаржы орталығына» өздері ұсынуы қажет.
|