қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / Хабарландыру
21.02.2020

Құрметті Абай атындағы ҚазҰПУ-дың студенттері мен оқытушылары!


ҚазҰПУ-дың серіктес университеті - Мармара университеті, Түркия «Мевлана» алмасу бағдарламасына қатысуға тілек білдірушілерді келесі бағыттар бойынша шақырады: Бейнелеу өнері және сызу, Педагогика, гуманитарлық ғылымдар, Математика және Информатика.

 

Мевлана алмасу бағдарламасына бакалавриат, магистратура және докторантураның студенттері қатыса алады.


Студенттердің қатысу шарттары:

1. Бакалавриат, магистратура және докторантура білім беру бағдарламаларының бірінші курс студенттері «Мевлана» алмасу бағдарламасына бірінші семестрде қатыса алмайды. Сонымен қатар, бакалавриаттағы үшінші курс студенттері қатыса алмайды.
2. Бакалавриаттың студенттері (GPA 2,5/4,0-ден төмен емес немесе 100%-дан 65%), магистранттар мен докторанттар (GPA 3.0/4,0-ден төмен емес немесе 100% -дан 76,66%).
3. Түрік тілінен тест тапсыру туралы куәлік.
4. Ағылшын тілін білу артықшылық болып есептеледі.
5. Бағалау барысында 50% GPA және 50% тіл туралы білімді ескереді.
6. Оқу мерзімі: 4 ай

 

Осы бағдарламаға қатысу үшін:

1. Candidate Student Application Form толтыру;
2. Ағылшын тілінде транскрипт ұсыну;
3. Түрік тілін меңгеретінін растайтын куәлік қажет.

 

Мармара университетінде оқитын студенттерге арналған шәкіртақы 1300 айлық лирді құрайды, ол 4 айға есептеледі. Төлем екі бөлікпен беріледі: бірінші, шәкіртақының 80% беріледі; екінші бөлігі, шәкіртақының 20% оқудың соңында нәтижелерге байланысты беріледі.

 

Студенттер әуе жолына және визаға арналған шығындарды өздері төлейді.

 

МЕВЛАНА бағдарламасы конкурсының өту кезеңдері:

 

Барлық құжаттар электронды форматта (PDF) келесі электронды адреске mevlana@abaiuniver.kz 2020 жылдың 4 наурызына дейін жіберілуі керек. Құжаттарды электронды хатпен жіберген кезде тақырыпқа міндетті түрде студенттің аты-жөні, мамандығы және оқу курсы көрсетілуі тиіс. Мысалы: ALIYA_SABYROVA_CHEMISTRY_2YEAR_BACHELOR.Хаттың тақырыбына міндетті түрде студенттің аты-жөнін, мамандығын және курсын жазу қажет;
1. Іріктеу конкурсын Абай атындағы ҚазҰПУ комиссиясы 2020 жылдың 5 наурызында өткізетін болады (нақты уақыт кейінірек телефон/пошта арқылы айтылады);
2. Абай атындағы ҚазҰПУ комиссиясы іріктеген құжаттар серіктес ЖОО-на жіберіледі;
3. Серіктес ЖОО-нан шешімнің келуі.

 

Қосымша ақпаратты келесі веб-сайттан көруге болады: http://mevlana.uluslararasi.marmara.edu.tr/


ПОҚ қатысу шарттары:

Профессор-оқытушылар құрамы үшін «Мевлана» бағдарламасыда түрік тарапынан ақысы төленетін кем дегенде аптасына 6 сағатқа дәріс қарастырылады. Егер оқытушылар сағаттардың қажетті санын жинамаса, онда бұл жағдайда олар семинарлар өткізеді, топта жұмыс істейді, сондай-ақ конференцияларға қатысады.

 

ПОҚ ұтқырлығының мерзімі 2 аптадан 3 айға дейін болады.


Осы бағдарламаға қатысу үшін оқытушылар келесі құжаттарды тапсырады:

Academic Staff Information Form толтыру
- Түйіндеме
- Басылымдар, презентациялар, жобалар
- Қабылдаушы ЖОО-дағы жұмыс жоспары
- Ағылшын немесе түрік тілін жақсы меңгеру (университеттің талабы бойынша сертификат)

 

ПОҚ қатысушылары үймен қамтамасыз етілмейді. ПОҚ қатысушыларына күнделікті шығындар 40/50 түрік лирасын (лауазымына байланысты) және 3500 түрік лирі транспорттық шығындарға беріледі.

 

Қосымша ақпаратты Mevlana Exchange Programme Application Details сілтемесінен алуға болады.

 

МЕВЛАНА бағдарламасы конкурсының өту кезеңдері:

1. Барлық құжаттар электронды форматта (PDF) келесі электронды адреске mevlana@abaiuniver.kz 2020 жылдың 4 наурызға дейін жіберілуі керек. Құжаттарды электронды хатпен жіберген кезде тақырыпқа міндетті түрде қатысушының аты-жөні, мамандығы, институтың атауы және кафедрасы көрсетілуі тиіс.
2. Іріктеу конкурсын Абай атындағы ҚазҰПУ комиссиясы 2020 жылдың 5 наурызында өткізетін болады (нақты уақыт кейінірек телефон / пошта арқылы айтылады);
3. Абай атындағы ҚазҰПУ комиссиясы іріктеген құжаттар серіктес ЖОО-на жіберіледі;
4. Серіктес ЖОО-нан шешімнің келуі.

 

Студенттерге, магистранттарға, докторанттарға және оқытушыларға гранттың берілуі немесе берілмеуі жайлы шешімді тек түрік жағы қабылдайды.


«Мевлана» бағдарламасына қатысу үшін Халықаралық бағдарламалар және ынтымақтастық бөлімі, №1 оқу ғимараты, 205 кабинет, 8 727 291 36 92 телефоны арқылы байланысу керек.