қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
07.04.2017

КӨКПАРДАН ЖАСТАР ЛИГАСЫ ӨТТІ

             Қазақтың ұлттық спорт ойындары, әсіресе көкпар тарту ойыны жас ұрпақтың бойында қайсарлық, ептілік, жігерлілік, отансүйгіштік, табандылық және сенімділік секілді асыл қасиеттерді қалыптастырады.
            Қазіргі таңда жастарға ұлттық құндылықтарымызды насихаттау, көкпар ойынын жастар арасында жандандырып, ұлттық бренд ретінде қалыптастыру, әлем жұртшылығына таныту мақсатында ҚР Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен және «Көкпар Ұлттық жастар спорт Лигасының» ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың 2 сәуірі күні Талғар ауданы Панфилов ауылында орналасқан атшабарда тұңғыш рет Алматы қаласының жоғары оқу орындары арасында «Жастар Көкпар лигасы» өтті. Бұл сайысқа университетіміздің құрама командасымен қатар әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақ ұлттық аграралық университеті, Қазақ Спорт және туризм академиясы, Алматы Энегертика және байланыс университеті сияқты еліміздің іргелі жоғары оқу орындарының да командалары қатысты.
         Шараны Қазақстан Республикасы спорт және туризм академиясының президенті және FISU Халықаралық студенттік спорт федерациясының мүшесі Қайрат Закирьянов ашып, көкпаршыларға сәттілік тіледі.
           Үш айналымнан тұратын бұл тартыста командалар өзара бақ сынасып, көрермендердің қанын қыздыра түсті. Университетімізден білекті жігіттерімізге қолдау көрсетуге келген 150 астам жанкүйердің үміті ақталып, ойын нәтиежелері бойынша Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің көкпаршылар командасы жүлделі ІІ орынды иеленді.
          Дүбірлі доданың демеушісі, «Көкпар Ұлттық жастар спорт Лигасының» төрағасы Данияр Дәукей жеңімпаздарды бағалы сыйлықтармен марапаттап, алдағы уақытта аламан тартыстың дәстүрге айналатынын атап өтті.


Тәрбие, әлеуметтік жұмыстар және
жастар саясаты жөніндегі басқармасы