Негізгі бет /
Хабарландыру
21.02.2020 Құрметті Абай атындағы ҚазҰПУ-дың студенттері мен оқытушылары!
Мевлана алмасу бағдарламасына бакалавриат, магистратура және докторантураның студенттері қатыса алады.
Студенттердің қатысу шарттары: 1. Бакалавриат, магистратура және докторантура білім беру бағдарламаларының бірінші курс студенттері - осы бағдарламаға бірінші семестрде қатыса алмайды. Сонымен қатар, бакалавриаттағы үшінші курс студенттері Мевлана бағдарламасына қатыса алмайды.
Осы бағдарламаға қатысу үшін: 1. Candidate Student Application Form толтыру;
Нийде Омер Халисдемир университетінде оқитын студенттерге арналған шәкіртақы 1300 айлық лирді құрайды, ол 4 айға есептеледі. Шәкіртақының 80% әр ай сайын беріледі; шәкіртақының қалған бөлігі оқудың соңында нәтижелеріне байланысты беріледі.
Студенттер әуе жолына және визаға арналған шығындарды өздері төлейді.
МЕВЛАНА бағдарламасы конкурсының өту кезеңдері: 1. Барлық құжаттар электронды форматта (PDF) келесі электронды адреске mevlana@abaiuniver.kz 2020 жылдың 4 наурызға дейін жіберілуі керек. Құжаттарды электронды хатпен жіберген кезде тақырыпқа міндетті түрде студенттің аты-жөні, мамандығы және оқу курсы көрсетілуі тиіс. Мысалы: ALIYA_SABYROVA_CHEMISTRY_2YEAR_BACHELOR. Хаттың тақырыбына міндетті түрде студенттің аты-жөнін, мамандығы мен курсын жазу қажет; 2. Іріктеу конкурсын Абай атындағы ҚазҰПУ комиссиясы 2020 жылдың 5 наурызында өткізетін болады (нақты уақыт кейінірек телефон/пошта арқылы хабарланады);
Профессор-оқытушылар құрамы үшін «Мевлана» бағдарламасыда түрік тарапынан ақысы төленетін кем дегенде аптасына 6 сағатқа дәріс қарастырылады. Егер оқытушылар сағаттардың қажетті санын жинамаса, онда бұл жағдайда олар семинарлар өткізеді, топта жұмыс істейді, сондай-ақ конференцияларға қатысады.
ПОҚ ұтқырлығының мерзімі 2 аптадан 3 айға дейін болады.
Осы бағдарламаға қатысу үшін оқытушылар келесі құжаттарды тапсырады: 1. Academic Staff Information Form толтыру
Ұшу, визалық шығындар және сақтандыру студенттер мен оқытушылардың өз есебінен төленеді *
Қосымша ақпаратты Mevlana Exchange Programme Application Details сілтемесінен алуға болады.
МЕВЛАНА бағдарламасы конкурсының өту кезеңдері: 1. Барлық құжаттар электронды форматта (PDF) келесі электронды адреске mevlana@abaiuniver.kz 2020 жылдың 4 наурызға дейін жіберілуі керек. Құжаттарды электронды хатпен жіберген кезде тақырыпқа міндетті түрде қатысушының аты-жөні, мамандығы, институтың атауы және кафедрасы көрсетілуі тиіс.
Студенттерге, магистранттарға, докторанттарға және оқытушыларға гранттың берілуі немесе берілмеуі жайлы шешімді тек түрік жағы қабылдайды.
«Мевлана» бағдарламасына қатысу үшін Халықаралық бағдарламалар және ынтымақтастық бөлімі, №1 оқу ғимараты, 205 кабинет, 8 727 291 36 92 телефоны арқылы байланысу керек.
|