қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
21.10.2022

Ұлттық тестілеу орталығының директоры Абай университетінде болды


2022 жылғы 19 қазанда Абай атындағы ҚазҰПУ-ға Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев келді. Сапар аясында ол университеттің оқу ісі жөніндегі проректоры Мақтағали Бектемесовпен және университеттің Тестілеу орталығының меңгерушісі Даража Исабаевамен кездесті.


Кездесу барысында университет білім алушыларының білімін бақылаудың заманауи әдістері көрсетілді:

1. Жасанды интеллект (OES) бар прокторлық жүйелерді қолдану арқылы тестілеу;

2. Ауызша емтихан - Microsoft Teams, Zoom;

3. Жазбаша емтихан - Oqylyq қашықтықтан оқыту жүйесі

4. Практикалық емтихан - АЖ «Универ»

5. Жобалық емтихан - Microsoft Teams

 

Руслан Емелбаев емтихан сессиясы кезінде Абай атындағы ҚазҰПУ білім алушыларының біліміне бақылау жүргізудің сапасы мен әдістемесін жоғары бағалады.

 

  alt=