қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
22.10.2022

«Болашақ» бағдарламасының түлегі Ш. Нұрлановтың университеттің белсенді жастарымен кездесуі

 

2022 жылдың 20 қазанында Абай университетінің «Рухани Жаңғыру» жобалық кеңсесі Республика күніне орай «Болашақ» халықаралық бағдарламасының түлегі, әлеуметтік даму жөніндегі проректоры Шыңғыс Нұрлановпен білім алушылардың әлеуметтік әлеуетін жақсарту және тәрбие мен білім беруді үйлестіру бойынша белсенді жастар арасында жұмыс тәжірибесімен алмасу мақсатында кездесу өткізді.


Шыңғыс Нұрланұлы 2010 жылы АҚШ-тың Вашингтон университетін бітіріп, «Болашақ» халықаралық бағдарламасы түлектерінің қауымдастығында жұмыс істеп, жастармен жұмыс істеуге белсене араласты.


Кездесу барысында студенттерге «Болашақ» бағдарламасының қыр-сырымен таныстырып және студенттік өміріндегі болған қызықты оқиғаларымен бөлісті.


Сонымен қатар, жастарға мерекенің тарихи маңыздылығы туралы түсінік беріп, оларды өз тарихымыз бен құндылығымызды сақтауға атсалысуға шақырды. Осы тұста, жастардың жеке дамуы мақсатында өзі оқыған бірнеше авторлардың кітаптарын оқуға кеңес берді.


Жиын ашық форматта ұйымдастырылғандықтан, білім алушылар Шынгыс Нұрлановқа көкейінде жүрген сауалдарын еркін қойып, қанағаттанарлықтай жауап алды.

 

  alt=