қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
27.10.2022

Марина Цветаеваның туғанына 130 жыл толуына арналған конференция


2022 жылдың 25 қазанында Марина Цветаеваның туғанына 130 жыл толуына орай шетелдік қонақтардың қатысуымен «Әлемдік мәдениет контекстіндегі М.Цветаеваның шығармашылығы» тақырыбында бүкілресейлік ғылыми конференция жұмысын бастады. Іс-шараны Орынбор мемлекеттік университеті (Ресей) ұйымдастырды.


Іс-шара барысында Қытай, Қазақстан, Өзбекстан және Ресей Федерациясының жетекші жоғары оқу орындарының ғалымдары баяндамаларында ақынның өмірі мен шығармашылығы, поэтикасы мен стилі, басқа адамдармен қарым-қатынасы туралы сөз қозғады.


Пленарлық отырыста Абай атындағы ҚазҰПУ «Орыс тілі мен әдебиеті» кафедрасының меңгерушісі Сәуле Әбішева «М.Цветаеваның «Ағаштар» циклі туралы баяндама жасады.

 

  alt=   

 

  alt=