2017 жылдың 7 сәуірінде университетке Витов Великий атындағы Каунас университетінің ректоры Агутис Джуозас, Халықаралық ынтымақтастық бойынша вице-ректоры Инет Дабасинскин және жаратылыстану ғылымдары факультетінің деканы Саулис Мицкевичтен тұратын делегация келді.
Витов Великий университеті негізі 1922 қаланған Литвадағы ең көне оқу орындарының бірі.
Литовск делегациясы бірінші проректоры М.Е. Ермағанбетов бастаған Абай атындағы ҚазҰПУ өкілдерімен танысып, университеттер өз қызметі, тәжірибесі және өзгерістері, ынтымақтастық жылдардағы өзгерістері және алдағы академиялық ұтқырлықтың болашағы туралы сөз қозғады. Университетіміз Каунас университетімен 2005 жылдан бері нық серіктестік орнатқан.
Кездесуде Литваның өкілдері Витов Великий атындағы Каунас университеті құрамына Литва эдукологиялық университеттің кіретіні жайлы айтты. Кездесу жылы, достық жағдайда өтті. Соңында қонақтар Сорбонна-Қазақстан институтына барып қайтты. Кездесудің модераторы Халықаралық ынтымақтастық басқармасы болды.