Негізгі бет
Жаңалықтар
27.10.2022 Абай университетінің білім беру процесін нәтижелі жүзеге асыру міндеттері
2022 жылғы 26 қазанда Абай университетінің академиялық мәселелер жөніндегі проректоры Мақтағали Бектемесов Академиялық мәселелер жөніндегі департаментпен бірлесе отырып, кафедра меңгерушілерімен оқу-әдістемелік жұмыс мәселелеріне арналған жиын өткізді. Басқосуда Мақтағали Бектемесов университеттің білім алушылары мен профессор-оқытушылар құрамын «Академиялық адалдық» кодексімен толық таныстыру, оның басты ережелері мен «Академиялық адалдық» саясатын бұзушылықтың алдын алу шараларын қатаң сақтаудың маңыздылығын атап көрсетті. Сонымен қатар, проректор бітіруші курс білім алушыларының сұранысына сәйкес Ұлттық біліктілік тестілеуде (ҰБТ) берілетін тапсырмалардың мазмұнына сараптама жасалып жатқандығына тоқтала келе, білім беру процесінде білім алушылар мен оқытушылар жұмысын нәтижелі үйлестіруге мүмкіндік беретін «Univer» жүйесін тиімді пайдалану мәселесін, алдағы сессияны сапалы өткізу мақсатында тиянақты дайындықты жүзеге асыру, сондай-ақ, білім алушылардан қабылданатын тест, эссе, ауызша, жазбаша сұрақтар тәрізді тапсырмаларды дайындауға зор көңіл бөлу қажеттігін міндет етіп қойды.
|