қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
31.10.2022

Отбасылық тәрбие мәселелері талқыланды


Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті Педагогика және психология институтының ұйымдастыруымен 2022 жылдың 28 қазанында Онлайн-дәрісхана жұмысы ұйымдастырылды. Онлайн-дәрісхананың ашылуында Педагогика және психология институтының директоры Ғалия Абаева сөз алып, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ профессоры К.Т. Атемованы қатысушыларға таныстыра отырып, қарастырылатын мәселенің педагогика және психология саласында аса маңыздылығын атап өтті.


«Отбасы тәрбиесі мәселелері және оны зерттеудің бүгінгі күнгі бағыттары» тақырыбындағы дәрісте Л.Н.Гумилев атындағы Евразия ұлттық университетінің профессоры, педагогика ғылымдарының докторы Әтемова Калипа Тұрсынқызы тақырып аясында дәстүрлі отбасы және оның негізгі функциялары, бүгінгі отбасына тән ерекшеліктер, заманауи отбасындағы мәселелер және оны зерттеудің бағыттары сияқты көкейкесті тұстарды қамтыды.


Кездесу соңында вебинарға қатысушылар сұрақ жауап форматында пікір алмасты.

 

 alt=  

 

 alt=