Тіркеу кеңсесі | ![]()
GPA білім алушының транскриптінде көрсетіледі. GPA мына формула бойынша есептеледі: GPA= Қс1* К1+Қс2*К2+Қсn+Kn К1+К2+Кn Қс1...........пән бойынша сандық эквиваленттік қорытынды бағалар; К1............ оқытылған пәндердің кредиттер саны n - оқу периодындағы оқытылған пәндер саны GPA есептеу үлгісі:
Информатика 4.0 х 3 = 12.0 Әлеуметтану 3.0 х 2 = 6.0 Философия 0.0 х 3 = 0.0 Көбейтінділердің қосындысы = 12 + 6 + 0 = 18.0 Жалпы кредиттер саны = 3+2+3 = 8 GPA = Көбейтінділердің қосындысы / жалпы кредиттер саны = 18,0 / 8 = 2,25 Келесі курсқа көшу үшін емтиханды тек жағымды бағаға тапсыру жеткіліксіз, сонымен қатар ағымдағы оқу жыл үшін университетпен бекіткен минималды GPA балын жинауы қажет.
2023-2024 оқу жылында бекітілген курстан курсқа көшу GPA балы төмендегідей: Бакалавриат 4-курстан 5-курсқа - 2,20; Магистратура 1-курстан 2-курсқа - 2,30; PhD Докторантура 1-курстан 2-курсқа - 2,33;
Минималды GPA балын жинай алмаған білім алушы курстан курсқа қалдырылады. Берілген электрондық калькулятор арқылы қажет болған жағдайда ағымдағы емтихан сессиясының қорытындысы бойынша GPA-ді есептеуге болады.
Ескерту: Цифрлық эквиваленттің бөлшек бөлігі бүтіннен - нүктемен бөлінген.
|