қазақша · русский · english
 
 
 
06.09.2019

«Қаржы, экономика және өмір туралы ғылым саласындағы кері мәселелер» халықаралық ғылыми конференцияcы

 

2019 жылдың 31 тамызы мен 4 қыркүйегі аралығында Алматыда Қазақстанның жетекші ұлттық университеттері - Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті және Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті «Қаржы, экономика және өмір туралы ғылым саласындағы кері мәселелер» тақырыбында халықаралық ғылыми конференция өткізді.

 

2019 жылдың 2 қыркүйегінде конференция ҚазҰУ-да әл-Фараби кітапханасында, 3 қыркүйекте Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Сорбонна-Қазақстан институтында өтті.

 

Бұл халықаралық конференция біздің заманымыздың экономика, қаржы және өмір туралы ғылым сияқты ең өзекті мәселелеріне арналды.

 

Конференцияға отандық ғалымдармен қатар Ресейдің Есептеу математикасы және математикалық геофизика институтының (Ресей), Новосибирск мемлекеттік университетінің (Ресей) және Математика және механика институтының, Ресей ғылым академиясының Красов Урал филиалының (Ресей), Шанхай қаржы және экономика университетінің (Қытай), Фудан университетінің (Қытай), Тяньцзинь қаржы және экономика университетінің (Қытай), Оңтүстік-шығыс университетінің (Нанкин, Қытай), Ош технологиялық университетінің (Қырғызстан) ғалымдары қатысты.

 

Іс-шараның нәтижелерін қорытындылай келе, конференцияға қатысушылардың жоғары белсенділігін атап өтуге болады, қатысушылар қазіргі заманғы жоғары оқу орындарының тиімділігін және ғалымдардың халықаралық дәрежедегі бағдарламалардың процестері мен жобаларына белсенді қатысуы мүмкін болатындығын және қолдау таба алатындығын түсінді.

 

   

 

   

 

   

 

  




Кері оралу