қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
10.11.2022

Абай университеті QS Quacquarelli Symonds компаниясымен ынтымақтастық туралы BILIM DAMU қазақстандық университеттермен бірлескен консорциумына қосылды

 

2022 жылғы 8 қарашада университет Басқарма төрағасы - ректор Дархан Біләлов Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбекпен және QS Quacquarelli Symonds халықаралық рейтинг агенттігінің президенті Нунцио Куаккуареллимен қазақстандық жоғары оқу орындары басшыларының кездесуіне қатысты.


Кездесуге қатысушылар жоғары білім беруді дамытудың өзекті мәселелерін, трендтарды, университеттерді бәсекеге қабілеттілігін арттыруды, сондай-ақ Қазақстанның әлемдік ғылыми-білім беру кеңістігіне интеграциялану үдерісіндегі халықаралық рейтингтердің рөлін талқылады.

 

Биылғы жылы Абай университеті QS Quacquarelli Symonds компаниясымен консалтингтік ынтымақтастық бойынша қазақстандық университеттердің BILIM DAMU бірлескен консорциумына қосылды. Шара аясында ынтымақтастық туралы келісімге ресми қол қою рәсімі өтті.

 

Кездесу барысында QS World University Rankings: Asia-2023 қорытындысы жарияланды, оған 32 қазақстандық университет қатысты, оның ішінде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ және Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ үздік 100-ге енді, ал Абай университеті 147-орынды иеленді, бұл Орталық Азия мен Қазақстан бойынша 4-орынға сәйкес келеді.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=


Стратегия департаменті