қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
10.11.2022

«Педагогикалық сыныптар құру» пилоттық жобасы жалғасуда


Ел мектептерінде екінші тоқсан басталды. Біздің университет үшін бұл да маңызды оқиға. Абай атындағы ҚазҰПУ-дың ректоры Д.Н. Біләлов, академиялық мәселелер жөніндегі проректор М.А. Бектемесов, әлеуметтік мәселелер жөніндегі проректор Ш. Нұрланов, Академиялық мәселелер жөніндегі департамент директоры Х.Н.Жанбеков, педагогика кафедрасының меңгерушісі Ш.Ж.Колумбаева, педагогика кафедрасының қауымдастырылған профессоры Б.С.Сайдахметов бар шығармашылық топ құрамы «Педагогикалық сыныптарды құру» пилоттық жобасын әзірледі. Жобаны жүзеге асыру 2022 жылдың қыркүйек айынан басталып, бүгінгі таңда жалғасын табуда.


Әріптестік негізде пилоттық жобаның қатысушылары Абай атындағы дарынды балаларға арналған республикалық орта мектеп-интернаты, Алматы қаласы Білім басқармасының Қ.И. Мандоки атындағы №154 жалпы білім беретін мектеппен «№81 мектеп-гимназиясы» КММ және Абай атындағы ҚазҰПУ болып табылады.


Жобаның мақсаты - оқушы жастарды педагогикаға ерте бейіндеу, оқушылардың мұғалім мамандығына деген қызығушылығын қалыптастыру және педагогикалық қызметте өзін-өзі жүзеге асыру мүмкіндігіне оң көзқарас қалыптастыру.


Педагогикалық сыныптар бағдарламасында 4 модульді оқыту қарастырылған:


1-Модуль - педагогикалық мамандықтың құпиялары;

2-Модуль - оқушыларға арналған педагогика негіздері;

3-Модуль - психологиялық-педагогикалық өзін-өзі тану;

4-Модуль - "Мен-ХХІ ғасыр педагогымын".


Оқушылар педагогикалық кәсіптің, іс-әрекеттің, идеялардың, нақты тұлға - педагогтардың, ойшылдар мен ағартушылардың, олардың ішінде Әл-Фараби, Абай Құнанбаев, Ы.Алтынсарин, Қ.Нұрғалиев және басқалар, сондай-ақ әдебиет пен өнер туындыларында құрылған идеалды педагог бейнесімен танысты.


Сабақтар интерактивті режимде өткізіледі. Педагогикалық сыныптарда ынтымақтастық ортасы, сенім мен қолдаудың психологиялық жайлы атмосферасы, тұлғааралық өзара әрекеттесу, өзін-өзі көрсету және оқушыларды болашақ педагогикалық қызметпен таныстыру үшін жағдайлар жасалады.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=