қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
11.11.2022

Өзбекстанға жұмыс сапары

 

2022 жылдың 3-8 қарашасы аралығында Абай университетінің өкілдері Өзбекстан Республикасы Халыққа білім беру министрлігі, Жастар ісі жөніндегі агенттігі, Қазақстанның Өзбекстандағы Елшілігі көмегімен Ташкент қаласында «Sana Education» халықаралық білім беру орталығы ұйымдастырған «BilimdiEl-2022» халықаралық білім көрмесіне қатысты. Аталған көрме барысында Абай университеті білім беру бағдарламалары мен студенттік өмірдің тұсаукесері өтті.


Іс-шара барысында Абай университеті өкілдері Низами атындағы Ташкент мемлекеттік педагогикалық университетінің халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректоры Фируза Икромхоновамен кездесу өткізіп, одан әрі өзара тиімді ынтымақтастық мәселелері талқылап, академиялық ұтқырлық және екі дипломдық оқу бағдарламаларын ашу туралы келісімге қол жеткізілді.


Өзбекстанға сапар аясында қазақ тілінде білім алатын Ташкент қаласы және Ташкент облысының аудандық мектептерінде кездесулер болды. Мектеп түлектерімен кездесу барысында университетіміздің өкілдері ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің «кандастар» үшін берілетін квоталары мен гранттары және Болон процесі туралы ақпаратты нақтылап, ҰБТ тапсыру мен тіркеуді кезең-кезеңімен түсіндіріп, Абай атындағы университетке қабылдау мәселелерін талқылады және Ташкенттегі Қазақ ұлттық мәдени-білім орталығының төрағасы Серікбай Үсеновпен кездесу өтті.

 

  alt=